
Инновациялық гранттарды беру операторы – «Qazinnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен 2022 жылдың 15 тамызынан 20 қыркүйегі аралығында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды алуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.
«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі -Қағида) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығына сәйкес өндірістік кәсіпорындар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру үшін гранттарды ала алады.
Грант бөлу талаптары және шарттарымен толығырақ https://qazinn.kz/ сайтында немесе https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021380 сілтемесі бойынша танысуға болады.
Қаржыландыруға мақұлданған жобалар Қазақстан аумағында жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өткен жөн.
Өтінім беруге және инновациялық грант алу барысы туралы қосымша ақпаратты https://qazinn.kz/ ресми сайтында білуге болады, байланыс телефондары: 8 (7172) 79 25 80 (ішкі нөмір 580).
Сондай-ақ, әр дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 15:00-де алдын ала тіркелу арқылы ZOOM платформасында түсіндіру жұмыстары келесі: https://forms.gle/ZcDnw33fzD3u8KwU7 сілтемесі бойынша жүргізілетінін хабарлаймыз.