Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өңірлер жүргізетін цифрландыру бойынша жұмысты бағалады. Рейтинг көшбасшыларының қатарында – Нұр-Сұлтан, Алматы және Орал қалалары

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өңірлер жүргізетін цифрландыру бойынша жұмысты бағалады. Рейтинг көшбасшыларының қатарында – Нұр-Сұлтан, Алматы және Орал қалалары

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өңірлер жүргізетін цифрландыру бойынша жұмысты бағалады. Рейтинг көшбасшыларының қатарында – Нұр-Сұлтан, Алматы және Орал қалалары.

 

Зерттеуге 14 облыс орталығы мен 3 республикалық маңызы бар қала қатысты. Бағалау 11 түрлі бағыттан және 80 көрсеткіштен тұратын "ақылды қалалар" эталондық стандарты негізінде жүргізілді. Олар денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ, көлік, экология, әлеуметтік және т.б. салалар бойынша цифрлық бастамаларға қатысты болды.

Атап айтқанда, рейтингті құру кезінде әкімдіктердің мемлекеттік қызметтерін автоматтандыруға, үйлерде "ақылды" есептеуіштердің болуына, тіркелген стартаптардың санына, зияткерлік көлік жүйелерін енгізуге, қоғамдық көлік мониторингі үшін қосымшалардың және т. б. қолжетімділігіне назар аударылды.

Вице-министр Абылайхан Оспановтың айтуынша, бұл рейтинг өңірлердің сандық белсенділігін арттыруға бағытталған.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы екі жыл бұрын қабылданған болатын. Осы уақыт ішінде өңірлерде көптеген сандық жобалар жүзеге асырылды. Әрине, кейбір әкімдіктер осы бағытта белсенділік танытты. Сондықтан, жалпы көріністі көрсету үшін біз осы рейтингті құрдық. Менің ойымша, ол аймақтарда сандық белсенділікті арттыру үшін жақсы ынталандырушы болмақ", - деп атап өтті Оспанов.

Рейтингте бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы, екінші орынды Алматы қаласы иеленді. Елдің цифрлық көшбасшыларының үштігін - Орал қаласы тұйықтады.

Айта кететіні, бұл рейтинг жыл сайын құрылады. 2019 жылғы рейтинг нәтижелерімен https://egov.kz/cms/ru/smart-cities сілтемесі арқылы танысуға болады.