
1 шілдеде сағат 09.30-де Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Теміртау қаласының ХҚКО-да (мекенжайы: Блюхер 23 көшесі ) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.
Сонымен қатар, сағат 11.00-де Теміртау қаласында Мәдениет сарайында (мекенжайы: Республика даңғылы 38) облыс тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар:
+7 701 526 61 42 (whatsApp) телефон және ministrgesurak@mdai.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Министрлік қызметінің бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.