
Клиенттер және серіктестер арасындағы сәтті қарым-қатынасты құруда келесілер көмектеседі:
- ұзақ мерзімді іскерлік байланыстар орнату және қолдау;
- бірлескен қызметке қатысты маңызды ақпаратпен тиімді алмасу;
- өзара түсіністікті қамтамасыз ету;
- тиімді сату және келіссөздер;
- әлеуетті ұйымдастырушылық қақтығыстарды нәтижелі шешу.
26 мамырда IT-хабта Нұр-Сұлтан қаласынан шақырылған - бизнес-тренер Аскар Утепкалиев сөз сөйлейді. Ол ойын түрінде тренинг өткізіп, ол жерде қатысушылар іскерлік қарым-қатынас пен коммуникативті фишкаларды үйренеді.
Сондай-ақ, сіз:
- тиімді келіссөздер жүргізуді;
- келіспеушіліктерді шешуді;
- дұрыс сатуды үйренесіз.
Митап кәсіпкерлерге, бизнес иелеріне, басшыларға, стартаперлерге пайдалы болады. Іс-шараға офлайн және онлайн форматында WebEx Meetings платформасы арқылы қатысуға мүмкіндік бар.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 26 мамыр
Уақыты: 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12