Облыстық әкімдік ғимаратында Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Облыстық әкімдік ғимаратында Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Ағымдағы жылдың 17 мамырында Қарағанды ​​қаласында облыстық әкімдік ғимаратында Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Қоғамымыздың қарқынды дамуы әрбір адамның өміріне соңғы телекоммуникациялық технологиялар мен байланыс құралдарының енуіне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда облысымыздың экономикасының дамуы, әлеуметтік тұрақтылығы, халқының өмір сүру деңгейінің жақсаруы осы маңызды салада қызмет ететін мамандардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.

Қарапайым тұрғындар үшін байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері әртүрлі байланыс арналары, соның ішінде интернет, телефонмен қосылатын конференция байланысы және басқа да жүйелер арқылы тәулік бойы коммуникацияны қамтамасыз етеді.

Тиімділік, ұтқырлық және ақпаратты берудегі жұмысты сапалы атқару марапатталған қызметкерлердің басты артықшылығы болып табылады.

Өңірдің коммуникация саласы оң даму серпініне ие. Мәселен, саланың даму қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% құрап, 23 млрд. теңгеден астам сомаға жетті.

Облыс әкімі мен ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының алғыс хаттарымен «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Перспектива «ҮЕҰ» ЖШС, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазтелерадио» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қызметкерлері және өзге де байланыс операторлары марапатталды.

Мереке облыс әкімінің орынбасары Ермек Амантайұлы Алпысовтың төрағалығымен өткізілді.