«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ «TemirTau SmartTech Hackathon» хакатонын өткізеді

«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ «TemirTau SmartTech Hackathon» хакатонын өткізеді

«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ 2022 жылғы 21-22 сәуірде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының оқушылары арасында «TemirTau SmartTech Hackathon» хакатонын өткізеді.

«TemirTau SmartTech Hackathon» хакатоны – ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары оқушыларының білім беру, жобалау және коммуникациялық форумы.

«TemirTau SmartTech Hackathon» хакатонының мақсаты - ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласында қойылған міндеттердің аса перспективалы жобалық шешімдерін әзірлеген командаларды анықтау және кәсіби дамыту.

Хакатонның ұйымдастырушылары мен демеушілері:

  • Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы;
  • Теміртау қаласының әкімдігі;
  • «АрселорМиттал Темиртау» АҚ;
  • «Қазақстан Халық банкі» АҚ.

Хакатонның негізгі ұйымдастырушысы – Қарағанды индустриялық университеті.

Хакатонға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2022 жылғы 19 сәуірге дейінгі мерзімде Хакатон ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына келесі нысан бойынша қатысуға өтінім жіберуі қажет tii@tttu.edu.kz :

1)қатысушының аты-жөні;

2) оқу орнының атауы;

3) оқу тобы;

4) команда басшысының аты-жөні;

5) байланыс телефоны;

6) байланыс e-mail.