
2022 жылдың 7-9 сәуір аралығында Қарағанды техникалық университетінде Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының IT-мамандықтарының студенттері мен магистранттары арасында «Инсайт-2022» Хакатоны өткізіледі.
Аталған іс-шараға қатысу студенттер мен магистранттар арасында бағдарламалауды дамытудың заманауи бағыттарын танымал етуге, олардың инновациялық және сыни ойлауын дамытуға және оқуда да, сондай-ақ одан әрі кәсіби қызметте пайдаланатын практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Хакатонның жүргізушілері мен демеушілері: «АрселорМиталл Темиртау» АҚ, «Epam Kazakhstan» ЖШС, «WOOPPAY» ЖШС, «X NET» ЖШС, «KAZPROM ENGINEERING» ЖШС және «KAZPROM AVTOMATIKA» ЖШС, «Qazdevelop» ЖШС.
Хакатон – бұл үздіксіз «бағдарламашылар марафоны» - белгілі бір пәндік салада жаңа идеялардың пайда болуын ынталандыру және оларды Хакатон алаңында тікелей жүзеге асыруға жеткізу мақсатында өткізілетін қысқа динамикалық іс-шара.