Қазақстандықтар арасында танымал Kaspi.kz және Halyk Homebank мобильді қосымшаларына «Цифрлық құжаттар» қызметі енгізілді.

Қазақстандықтар арасында танымал Kaspi.kz және Halyk Homebank мобильді қосымшаларына «Цифрлық құжаттар» қызметі енгізілді.

Құрметті пайдаланушылар!

«Цифрлық құжаттар» енді Kaspi.kz және Halyk Homebank мобильді қосымшаларында қолжетімді екенін хабарлаймыз. Бұрын цифрлық құжаттарды тек eGov Mobile қосымшасы арқылы ғана пайдалануға болатын. Цифрлық құжатты QR код немесе қысқа алты таңбалы код арқылы пайдалануға болады. Жүйеге кіру кезінде пайдаланушы бір реттік пароль арқылы цифрлық құжаттарды қолдануға келісімін беруі керек, келісімсіз деректер сыртқы платформаларға жіберілмейді. Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардың алаяқтығының алдын алады.

Анықтама үшін:

Цифрлық құжат – цифрлық құжаттар сервисі қалыптастыратын, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қажетті электрондық құжат. «Цифрлық құжаттар» сервисі жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқасының электрондық нұсқасын тікелей пайдалануды көздейді, бұл азаматтарға басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қандай да бір қызметтер көрсету үшін (мысалы, әуе және т/ж билеттерін сатып алу кезінде және т.б.) электрондық құжатты ұсынуға мүмкіндік береді.

 

https://www.instagram.com/p/Cb6zc2eIFSK/?utm_medium=copy_link