IT-хабта кәсіпкерлер үшін бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша оқыту жүргізіледі

IT-хабта кәсіпкерлер үшін бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша оқыту жүргізіледі

Тіпті шағын компания мақсаттарды жоспарлауды, деректерді сақтауды және тапсырмаларды бөлуді қажет етеді. 25 наурызда "Терриконовая Долина" IT-хабында кәсіпорын ресурстарын жоспарлауға көмектесетін ERP-жүйелерін енгізу бойынша оқыту өтеді.

ERP-жүйе (enterprise resource planning) - бұл бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету. Мұндай жүйелер бірыңғай мәліметтер базасы мен функциялар жиынтығы арқылы істерді тиімді басқаруға көмектеседі. ERP негізгі элементтерінің арасында:

- өндірістік жоспарды әзірлеу;
- өндірістік қуаттарды жоспарлау;
- өзіндік құнды есептеу;
- өндірісті бағыттау;
- ресурстар мониторингі бар. 
Жүйенің жетілдірілген модульдері қаржы, адам ресурстары, сату, жеткізу және т.б. бақылауға мүмкіндік береді.

Дәрісті «А-Бизнес Қазақстан» ЖШС директоры Дурмагамбетов өткізетін болады. Ол ERP-дің артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып береді, жүйені өндіріске енгізу туралы мысалын келтіреді және нәтижелерімен бөліседі.

Оқыту кәсіпкерлерге, компания басшыларына, бөлім/департамент басшыларына және директорларына пайдалы болады.  Қатысушылар төмендегі сілтеме арқылы өтіп тіркеле алады: https://terricon.kz/business

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 25 наурыз
Уақыты: 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12