17 наурызда компьютерлік ойындарды дамыту бойынша Неконференция өткізіледі!

17 наурызда компьютерлік ойындарды дамыту бойынша Неконференция өткізіледі!

Кезекті Неконференцияны - IT және Digital мамандары үшін ірі іс-шараны қарсы алыңыздар. Бұл жолы іс-шараның тақырыбы GameDev - ойындарды әзірлеу болмақ. Қатысушыларды шақырылған спикерлердің дәрістері, нетворкинг және бейресми жағдайда тілдесу күтеді.

Неконференция бизнес және әзірлеу залдарында спикерлердің сөз сөйлеуінен басталады. Максим Иванченко "Gamedev: хоббиден мамандыққа дейін" тақырыбын ұсынады және ойын саласында, бағыттарында, кодтары мен дизайнында жұмыс істеу үшін қажетті дағдылар туралы айтып береді. Саадулаев Ислам өзі іске қосқан 15 бизнес жобадан ескерген 1500 қатектері туралы презентация өткізеді. Сарапшы жаңа пайда болған нарықты қалай анықтайтындығымен бөліседі, сонымен қатар минималды ақша жұмсаумен MVP жинауды және тестілеуді үйретеді.

Әзірлеу залында Евгений Захаровтың "Ойын әзірлеушінің мансабы" тақырыбымен дәрісі өтеді. Қатысушыларға Қазақстанда өзінің кәсіби жолын неден бастау керек, нені оқыту керек және бейінді білім беру маңызды ма екендігі туралы айтылады. Артем Слесаренко "ДК және консольды self-баспасы нарығындағы тәжірибе" тақырыбымен сөз сөйлейді. Спикер ойынды әртүрлі платформаларда шығару тәжірибесімен және жаңадан бастаушыларға арналған егжей-тегжейлі нұсқаулықпен бөліседі

Неконференцияға берілген сілтеме арқылы өтіп тіркеле аласыз: https://terricon.kz/neconf 

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізілді.

Қашан: 17 наурыз
Уақыты: 18:30
Өткізілетін орны: «Терриконовая Долина» IT-Hub-ы
Алалыкин көшесі, 12.