Көп балалы отбасылар үшін жәрдемақы проактивті түрде ресімделеді

Көп балалы отбасылар үшін жәрдемақы проактивті түрде ресімделеді

16 мыңға жуық қазақстандық көп балалы отбасылар үшін тағайындалатын жәрдемақыны проактивті форматта алды.

Бұдан бұрын аталған жәрдемақыны ресімдеу үшін ХҚО-ға барып, өтініш жазып, жеке куәлік, балалардың туу туралы куәліктері мен неке қию куәлігі сияқты құжаттарды ұсыну қажет еді, ал жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалатын.

Қазіргі уақытта бұл жәрдемақыны 487 мыңнан астам қазақстандық отбасы алады. Оның ішінде 63 437 әйел «Алтын алқа», 138 571 әйел «Күміс алқа» иегерлері.