IT-хабта шетелдік компаниялармен жұмыс істеу бойынша оқыту іс-шарасы өткізіледі

IT-хабта шетелдік компаниялармен жұмыс істеу бойынша оқыту іс-шарасы өткізіледі

Пандемия цифрландыру процесін жеделдетті, осыған байланысты онлайн жұмыс істеу үйреншікті құбылысқа айналды. Енді байланыс процесін реттеу мақсатымен көзбе-көз кездесулер өткізу қажет емес болып қалды. 24 ақпанда "Терриконовая Долинада" IT-компанияларға Қазақстанда болып шетелдік компаниялармен қалай жұмыс істеуге болатындығы туралы оқыту іс-шарасы өтеді.

Оқыту іс-шарасының спикері  Re:point Softwarе-де серіктес басқарушы және ІТ директоры Максим Толмачев болады.

Сіздерге ол:

- осы бағытты жұмысты неден бастау керек;

- өз тауашаңызды қалай табуға болады;

- баға қалай құрылады;

- клиенттер мердігерлерді қалай іздейді;

- сатып алу және сауда жүйесі қалай ұйымдастырылғандығы туралы айтып береді. 

Сондай-ақ, ол Re:point Software мысалында трансформация тарихымен бөліседі және АҚШ-та компанияны қалай ашуға болатындығы туралы кеңестер береді.

Митап тегін өткізіледі. Онлайн форматта әлемнің кез-келген нүктесінен қосылуға болады. 

Берілген сілтеме арқылы тіркеле аласыздар: https://terricon.kz/it .

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі. 

Күні: 24 ақпан

Уақыты: 19:00

Орны: "Терриконовая Долина" IT-hub

Алалыкин көшесі, 12