“Терриконовая Долинада” жаңа мамандықты игеру жайлы лекция өтеді

“Терриконовая Долинада” жаңа мамандықты игеру жайлы лекция өтеді

"Ақылды үй" - бұл күнделікті әрекеттерді автоматтандыруға және оларды жасанды интеллект басқаруына көмектесетін жүйе. Мұндай жүйені үйде, кеңседе немесе саяжайда орнатуға болады. 15 ақпан күні осындай интеллектуалды технологияны баптауға үйренгісі келетін адамдар үшін IT-хабта курс өткізіледі.

Курстың спикері "Ақылды үй" компаниясының директоры және қауіпсіздік жүйелерінің инженері Владислав Воронцов болады. Сарапшы оқыту курсында Сіздерге:

- "Ақылды үйдің"мүмкіндіктері;
- хаттамалар және қосылу түрлері;
- қондырғылардың түрлері;
- В2В және В2С сегменттерімен қалай жұмыс істеу керегіне талдау жасайды.

Курс қатысушылары осы тауашада қалай жұмыс істеуді және клиенттерді қайдан іздеуді үйренеді. Оқыту құрылыс салушыларға және құрылыс бизнесінің иелеріне, сондай-ақ осы салада мансапты бастағысы келетіндерге қызықты болады.

Курсқа тіркелу: terricon.kz/business

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 15 ақпан
Уақыты: 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12