IT-хабта сатудағы трендтер туралы митап өткізіледі

IT-хабта сатудағы трендтер туралы митап өткізіледі

Компаниядағы сатылымдарды тиімді әрі жұмыс істейтіндей етіп қалай баптауға болатынын білгіңіз келеді ме? Ендеше Сіздермен 11 ақпан күні болатын митапта кездесеміз. Іс-шараның спикері - 10 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер және Икеа брендінің тауарларын Қазақстанға жеткізу жөніндегі компанияның директоры Александра Турдалиева.

Митапта спикер Сіздерге:
- сатудың қандай әдістері қазіргі уақытта өзекті және қайсылары жұмыс істемейді
- клиентті сатып алмауға не итермелейді
- қандай триггерлерді қолдану керек
- артық күш жұмсамай қалай сатуға болады деген тақырыптарды айтады.

Митап тегін өткізіледі және кәсіпкерлерге, сарапшыларға, фрилансерлерге пайдалы болады. Сізде Ashyq-та жасыл мәртебесі бар болса офлайн форматта немесе Cisco Webex платформасында онлайн форматында қосыла аласыз.
Берілген сілтеме арқылы тіркеле аласыз: https://terricon.kz/business

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 16 ақпан
Уақыты: 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12