
Ағымдағы жылғы 3 ақпанда Зум арқылы басқарманың экономика салаларын цифрландыру бөлімінің басшысы Жұмаханов Мейіржан Медеубайұлының төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті, онда халықтың ашық деректерге деген қажеттіліктерін анықтау мәселелері қаралды.
Кеңеске мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы ақпараттық технологияларды дамыту қауымдастығының қызметкерлері қатысты.
«Зерде «ҰИКХ» АҚ жүргізген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін талдау қорытындылары талқыланды.