
Биыл Қарағандыда коммуналдық қызметтердің халықпен қолжетімділігін арттыратын бірыңғай орталық ашылады. Бағдарламалау мектебі де жұмысын бастаса, Senim109 қызметінің мүмкіндіктері кеңейеді. 2022 жылы іске қосылатын жаңа жобалар туралы тілші тарқатсын.
Өткен жылы Қарағандыда «Қауіпсіз қала» атты жаңа жоба пайда болды. Оның аясында 3600-ден астам бейнебақылау камералары, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алатын 110 кешен орнатылған.
Рустам БАЙЖАНОВ, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы
Неліктен біз бұл жобаны кеңейткіміз келеді? Ол өткен жылы жақсы нәтиже көрсетті. Небәрі үш айдың ішінде камералардың арқасында жол-көлік оқиғалары 9 пайызға, яғни жол-көлік оқиғалары мен өлім-жітім 9 пайызға азайды. Жоба өзінің тиімділігін көрсетті. Осы мүмкіндіктерді әлі де дұрыс пайдалана білген жөн.
Биылғы жылы бірыңғай ақпараттық жүйені іске қосу жоспарлануда. Ол желіден тыс және онлайн жұмыс істейді. Қаланың барлық коммуналдық қызметтері бір жүйеге топтасып, барлық қызметтерді қысқа мерзімде алуға мүмкіндік бар. Мұндай орталықтар Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеуде. Тағы бір жоба – заманауи бағдарламалау мектебі. Оқу орны веб және мобильді әзірлеу, графика, жүйелік бағдарламалау мамандықтары бойынша әзірлеушілерді дайындайды.
Рустам БАЙЖАНОВ, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы
Қазір табиғи монополиялар субъектілерімен өзара әрекеттесу кезінде халық пен бизнес үшін біраз мәселелер туындап отырғаны ешкімге де жасырын емес. Мысалға, егер адам жеке тұлға ретінде пәтер және т.б. сатып алған болса ескі әдіспен, қағаз жүзінде көп уақыт жүзеге асады. Сондықтан сандық үлгідегі жүйені жетілдіре түсіп, оңтайлы қызмет үлгісін қалыптастыра түсуіміз керек.
Айта кетерлігі, Қарағанды өңірі цифрландыруды енгізу бойынша Алматы мен елордадан кейін үшінші орында. Өткен жылы жеті миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 90 пайызға жуығы электронды түрде қабылданған.
Мақсат БЕЙСЕНАЕВ