
2021 жылдан бері Қарағандыда 5,5 мың гектар аумаққа цифрландыру жүргізілді. Осылайша, қаладағы ықшам аудандарда толықтай жерасты және жерүсті коммуникалиялары түгенделді. Ол үшін қалалық және республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Жаннұр Сүндетуллақызы тарқатсын
Қарағанды қаласы бойынша құрылыс салынған аумақтағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу әрі цифрландыру жүйесін айқындау Сұрыптау, Узенка, үлкен Михайловка, Пришахтинск шағын ауданы мен Майқұдықтта жүргізілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы қала инфрақұрылымын цифрландыру 1,8 мың га аумақта одан әрі жалғаса береді –дейді мамандар.
Генриетта СИРЕНКО, "Мемлекеттік кадастр" РМК Қарағанды филиалы директорының міндетін атқарушы
- Қарағанды облысы бойынша 8 қала мен облыс орталығын цифрландыру бірінші орында. Сондай-ақ, аудандар да бар. Атап айтар болсақ, Ақтоғай, Жаңаарқа, Киевка, Нұра, Осакаров, Шет және Ұлытау аудандарына 2024 жылға дейін толық цифрландыру жүргізіледі.
Айта кеткен жөн, 2018 жылдан бастап, республиканың бірқатар өңірлерінде цифрландыру басталған болатын. Онда инженерлік құрылыстар мен коммуникацияларды түгендеу басты талаптарға қойылды. Барлық жаңа құрылыс жұмыстары аумағын су, электр, байланыс, газ және жылумен жабдықтау қарастырылған.
Генриетта СИРЕНКО, "Мемлекеттік кадастр" РМК Қарағанды филиалы директорының міндетін атқарушы
- Желілерді түгендеу - болашақта Қазақстанның цифрлық картасына енгізілетін сипаттамаларды сапалы және сандық анықтау болып табылады. Осы 2022 жылдың соңынан бастап, Қарағандының 50% цифрландыру жоспарлануда.
Мамандар 2024 жылға дейін облыстың барлық маңызы бар аудан, қалаларын бірыңғай цифрландыру аяқталатынын айтты.
Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ