Кез-келген тапсырмаларды орындау үшін Low-code қолдану туралы митап ІТ-хабта өткізіледі

Кез-келген тапсырмаларды орындау үшін Low-code қолдану туралы митап ІТ-хабта өткізіледі

Low-code & Codeless - бұл бағдарламалау туралы білімді қажет етпейтін жүйелерді баптау тәсілі. Осындай платформалардың көмегімен әркім әртүрлі мақсаттар үшін өз қосымшаларын құрастыруды үйренеді.

31 қаңтар күні "Терриконовая Долина" IT-хабында "Кез келген міндеттерді шешу үшін Lowcode & Codeless тұжырымдамасы" тақырыбымен митап өткізіледі. Іс-шараның спикері Ардак Жакин бұл тәсіл технологиялық нарықта трендтік позицияға қалай ие болғанына және сізге бизнесті дамытуға, кірісті ұлғайтуға көмектеседі.

Ардақ - тәжірибелі трекер, кәсіпкер және ҰБТ-ға дайындайтын "Самғау" Академиясының негізін қалаушы. Митапта ол Low code & Codeless тұжырымдамасын енгізу тәжірибесі және арнайы бағдарламалаусыз айына 200 000 теңгеден жоғары табыс қалай табуға болатыны туралы айтып береді. 

Сондай-ақ, дәріске қатысушылар компанияға тұжырымдаманы енгізу, бизнес-процестерді автоматтандыру, тәсілдің артықшылығы мен қажетті құралдар туралы білетін болады.

Митап тегін өткізіледі.  https://terricon.kz/it  сілтемесі арқылы тіркеле аласыздар.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 31 қаңтар
Уақыты: 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12