
Жаңа жылдағы алғашқы бейресми конференцияны IT және бизнес саласындағы төрт тәжірибелі спикер ашады. Бизнес залында сөйлетіндер:
Николай Колесников - Portside бизнес-авиациясына арналған операциялық жүйелерді әзірлеу жөніндегі компаниясының аға инженер-бағдарламашысы. Сарапшының JavaScript бағдарламалау ортасында әзірлеу бойынша 10 жылдық тәжірибесі бар және ол бізге әзірлеу стандарттары туралы, енгізу үдерісіндегі тәсілдер туралы, сондай-ақ жұмыста туындаған әр түрлі мәселелерді қалай шешуге болатындығы туралы білімімен бөлісуге дайын.
Олег Мецик - кеңесші, "Региональный центр бережливых технологий СИМКОН" ЖШС-де бизнес-тренер. ҚР кәсіпорындарын ұйымдастырушылық және технологиялық дамыту саласында, сондай-ақ мемлекеттік даму бағдарламаларын әзірлеуде 14 жылдан астам тәжірибесі бар. Іс-шарада Олег сіздерге кайдзен тәжірибесінің әдіснамасымен, бизнесте қолдану тәсілдерімен және өнімділікті жақсартып, типтік қателіктерден аулақ болып компанияны дамыту жолдарын айтады.
IT-мамандықтарының өкілдері үшін ойындарды әзірлеу және сатылымды автоматтандыру тақырыбында дәрістер өткізіледі. Спикерлер "CRM Expert" компаниясының басшысы Асқар Тутуков пен WorkinGeeks мобильді қосымшаларды әзірлеу жөніндегі компаниясындағы тимлид Виктор Губков болады.
Асқар бизнес-процестерді жүйелеу және автоматтандыру саласында 10 жыл тәжірибесі бар, сонымен қатар 200-ден астам іске асырылған жобалары бар. Бейресми конференцияның қатысушыларына ол пандемия жағдайында сату жүйесін қалай құруға болатындығы туралы, автоматтандыру және digital технологиялар арқылы шығындарды қалай азайту, сонымен қатар көрсеткіштер арқылы сатуды қалай басқаруға болатындығын мәлімдейді.
Виктор болса, сіздерге Unity бағдарламалау ортасында ойындарды әзірлеудегі өзінің жеке тәжірбиесмен бөлісіп, бұл платформаның басқаларынан айырмашылығы неде екенін айтып береді. Сонымен қатар, спикер жаңа бастаушы мамандарға әзірлеуші қалай болуға болатындығы және басқа да қызуғышылықты тудыратын сұрақтарға жауап береді.
Қатысушыларды тіркелу төмендегі сілтеме бойынша ашық: https://terricon.kz/neconf
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 28 қаңтар
Уақыты: 18:30
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12