
«Инкубатор» - бұл стартап-жобаларды дамыту бағдарламасы. Онда қатысушыларға идеяны толыққанды бизнеске қалай айналдыруға, сатылымдар жасауға және клиенттер табуға болатыны туралы үйретеді. Командалар алты апта бойы трекерлермен бірге прототиптер құру, мақсатты аудитория құру және инвесторлар табу үшін жұмыс істейді.
Инкубатор стартаперларға қалай көмектеседі?
1. Жобаның бай бағдарламасы қатысушыларға қысқа мерзімде бизнес, аналитика және маркетинг саласындағы барлық қажетті білімді береді. Алты апта ішінде кәсіпкерлер келесі тақырыптарды оқиды:
2. Инкубациялық бағдарламаның қатысушылары сарапшылар және тәлімгерлермен жұмыс жасайды, олардың қатарында тәжірибелі кәсіпкерлер, әзірлеушілер және маркетологтар бар. Сарапшылар топтық воркшоптар, сондай-ақ жеке консультациялар өткізеді, олардың барысында тәлімгерлер саланы анықтау, бизнес-модельді сипаттау, презентацияны қалыптастыру және т.б. мәселелерде көмектеседі.
3. Бағдарлама трекерлері командаларға жобалардың тақырыбы мен бейінін ескере отырып, мемлекеттік субсидиялар мен инвесторларды тарту туралы айтып береді.
Инкубаторды аяқтаған соң қатысушылар келесі тізімге қол жеткізеді:
Сонымен қатар, көбінесе командалар инкубаторда жұмыс істеген кезден-ақ алғашқы сатылымдар жасап, пайда табады.
"Террикон алқабының" Инкубаторына қосылыңыз. Сіздің идеяларыңыз қалаға қажет!
Тіркелу: https://terricon.kz/incubator
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.