ІТ саласы неден басталады

ІТ саласы неден басталады

IT-инфрақұрылымы монтаж жұмыстарынан басталады. Осы мамандық туралы 27 қаңтар күні болатын онлайн дәрісте айтамыз. "Террикон Алқабы" ІТ-hub-ң жүйелік әкімшісі Андрей Шепелев өз тәжірибесімен және білімімен бөліседі.
Андрейдің әртүрлі көлемдегі және масштабтағы монтаждау жұмыстарынан үлкен тәжірибесі бар, ол Қазақтелеком, Билайн, Алма-ТВ, Гортекс, X-NET сияқты компаниялармен жұмыс жасады.
Оқытуда жас мамандар: жұмысты қалай бастау керек, қандай дағдылары болуы керек және мамандықтың қандай өсу болашағы бар екендігін білетін болады.

Митап онлайн форматында тегін өткізіледі. IT саласында мансапты бастағысы келетін, бірақ неден бастау керектігін білмей жүрген адамдарды шақырамыз.
Берілген сілтеме бойынша тіркеле аласыз: https://terricon.kz/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі. 

Қашан: 27 қаңтар
Уақыты: 19:00
Өткізілетін орны:  "Террикон алқабы" ІТ-hub
Алалыкин  көшесі,  12.