Қарағанды ​​қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды қабылдады

Қарағанды ​​қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды қабылдады

Қарағанды ​​қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды қабылдады Ол мемлекет басшысының бағамды бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Қабылдауда көпбалалы және жалғызбасты аналар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша кеңес ала алды. Тілшіміз Сейітқали Әшім тарқатады.

Көпбалалы аналардың қойған сан-салалы сұрақтарына қоғамдық кеңес мүшелері толыққанды жауаптар қайтарды. Онда тұрғын үйге қол жеткізіп, басыбайлы баспаналы болумен қатар мүгедектікті рәсімдеу және екі қолға бір күрек тауып, жұмыспен қамтылу сияқты өзекті мәселелер қамтылды. Олардың кейбірі қолма-қол шешімін тапты.

Қабдығали ОСПАНОВ, Қарағанды қалалық қоғамдық Кеңесінің төрағасы

Президент халықты қолдаудың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің дұрыс жүріп жатқанын, яғни атаулы әлеуметтік көмек алумен қатар тұрғын үй бағдарламасының орындалысына тоқталды. Сондай-ақ, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қажетті бағыттардың дұрыс жүзеге асып жатқанын айтты.

Сондай-ақ бұл күні қарағандылықтар да «Сенім 109» қызметі арқылы сұрақтарына жауап ала алды. Байланыс орталығы Қарағанды ​​облысының тұрғындарының барлық мәселелері бойынша өтініштерін қабылдап, тіркеп, сапалы қарау үшін құзырлы органдарға жолдайды екен.

Сәуле ҚАЛИАҚПАРОВА, «Senim 109» үйлестіру орталығының аға инспекторы

Бізге көптеген сұрақтар әлеуметтік мәселелерге байланысты келіп түседі. Онда жәрдемақы, әлеуметтік атаулы көмек пен тұрғын үй кезегі сияқты мәселелерге өтініштер келіп түседі. Біздің байланыс орталығымызға барлық ұялы байланыс телефондары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарласуға толық мүмкіндіктер бар.

Бір айта кетерлігі, қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік емес мекеме мен ұйымдардың жұмысы азматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.