
9 желтоқсанда IT-хабта кәсіпкерлер үшін тайм-менеджмент бойынша онлайн-оқыту өтеді. Спикер ретінде «Бери и Делай!» және «Высота» жастар платформасының жетекшісі Оксана Макаркина сөз сөйлейді. Ол компанияның өсуін және тұрақты кірісті қамтамасыз етуге көмектесетін жоспарлаудың барлық құпияларын айтады.
Оксана сізге уақытты қалай тиімді пайдалану керектігін, уақытты басқарудың қандай әдісін таңдау керектігін, қызметкерлер арасында тапсырмаларды қалай бөлу керектігін, жұмысты қалай беру керектігін және басымдықтарды қалай қою керектігін айтады.
Сонымен қатар, спикер уақытты жоспарлаудың авторлық әдістемесімен бөлісуге уәде берді.
Оқыту онлайн форматта өтеді, сондықтан сіз қаланың кез келген жерінен: үйде, жұмыста немесе жолда тыңдай аласыз. Алынған білім әсіресе кәсіпкерлерге, маркетологтарға және студенттерге пайдалы болады.
Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/education
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 9.12
Уақыты: 19:30
Орны: Cisco Webex Meetings платформасы