4 желтоқсанда IT-хабта «Әлеуметтік желілерге арналған бейнетүсірілім» тақырыбы бойынша митап өтеді

4 желтоқсанда IT-хабта «Әлеуметтік желілерге арналған бейнетүсірілім» тақырыбы бойынша митап өтеді

Жастар Тик-Токты бағындырып жатыр, адамдар YouTube-тағы роликтер бойынша оқудан өтеді, ал Instagram-дағы фотосуреттер барған сайын артта қалып келеді. Бейнеконтент – бұл болашақ, бұл туралы енді ешқандай күмән жоқ.

Біз бұл тақырыпты сарапшымен талқылап, Алматыдан онлайн митап өткізуге видеографты шақырдық. 4 желтоқсанда Азамат Әлкешов "Әлеуметтік желілерге арналған бейнетүсірілім" тақырыбымен сөз сөйлеп, блогерлермен және коммерциялық ұйымдармен 10 жыл жұмыс істегенде үйренгеннің барлығын айтып береді:

- сфераны қалай таңдауға болады
- мазмұнның қандай түрлері бар
- блогерлерге, атақты адамдарға және көпшілікке мазмұнды түсіру үшін не қажет
- жарықты қалай қою керек және оның маңыздылығы неде
- дыбысты қалай реттеуге болады.

Митап тегін жүргізіледі. Тіркелу сілтеме бойынша: https://terricon.kz/meetup12

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 4 желтоқсан
Уақыты: 16:00
Платформа: @Cisco Webex Meetings