27 қазан, сәрсенбі, 17:00. "Терриконовая долина" IT-хабында біз Нұр-сұлтан қаласының урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкенмен кездесу өткіземіз.
Елнар командасы осымен 3 жыл бойы елордада урбанистік жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Олардың арасында Триатлон парктегі көпірдің астындағы спорт алаңдары, "құтқарушылар" алаңы, Омаров көшесі мен Республика даңғылындағы қоғамдық кеңістіктер, Demalys promenade жаяу жүргіншілер көшесі және тағы басқалар бар.
Іс-шарада біз Қазақстандағы урбанистика туралы әңгімелеп, оның даму үрдістерін талқылаймыз. Елнар урбанистік жобаларды ілгерілету мен іске асыру тәжірибесі, олардың қиындықтары туралы айтып, Сізді қызықтырған сұрақтарға жауап береді .
27 Қазан, 17: 00, ІТ-хаб "Терриконовая долина", Алалыкина к-сі, 12 (сол қанат). Келіңіздер!
Тіркелу сілтемесі: terricon.kz/meetup10