
IT-хабта кәсіпкерлер мен әзірлеушілер үшін ауқымды Неконференция өтті.
Неконференция - ауқымды бейресми конференция, онда, бизнес және әзірлемелер салаларындағы спикерлер өз білімдерімен бөліседі, содан кейін, барлық қатысушылар қарым-қатынасты еркін форматта жалғастырады.
Бизнес залында Алпамыс Алпыс, Владимир Баринов және Ярослав Омельницкий сөз сөйледі.
Владимир Баринов іс-шара қонақтарына 3Д-модельдеу және компьютерлік графика жұмысының перспективалары туралы айтып берді.
Әзірлеу залында Қайнар Марденов, Сергей Стефогло және Ерлан Ахметов өз жобаларын ұсынды.
Сергей Стефогло - әзірлеушілер қауымдастығын дамытқан EPAM-дағы аға Java әзірлеушісі. Ерлан Ахметов "Самғау холдингі жұмысының қағидаттары"тақырыбымен сөз сөйледі.
Іс-шараға 79 адам қатысты.
Аталған іс-шара «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының» қолдауымен тегін өткізілді.