
Бүгін, ағымдағы жылдың 1 қазанында «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ экономика салаларын цифрландыру бөлімінің басшысы Меиржан Медеубаевич Жумаханов Қарағанды индустриялық университетінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мамандығы бойынша оқитын студенттерімен кездесу өткізді.
Студенттер мен оқытушылар алдында сөз сөйлеу барысында Меиржан Жумаханов Басқарманың қызметі жөнінде, Қарағанды облысында цифрландырудың дамуы туралы айтып берді. Сондай-ақ, спикер «Терриконды алқап» жобасына қатысуды ұсынды.
Іс-шара 50-ден астам адамды қамтыды.