
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервисті енгізді.
Енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғын үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады.
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.