
2020 жылғы 30 қазанда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Елісұлы Әбдіқадыровтың төрағалығымен облыс басқармаларының, қалалары мен аудандары әкімінің аппараттары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының және «ҰАТ» АҚ АТОО басшыларының қатысуымен бейне-селектор режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылдың 9 айындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының карантин кезеңіндегі жұмысы туралы мәселелер қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді.