Қарағанды облысы әкімдігінің аппаратында азаматтардың өтініштерін жедел қарау үшін фронт-офис іске қосылды.

Қарағанды облысы әкімдігінің аппаратында азаматтардың өтініштерін жедел қарау үшін фронт-офис іске қосылды.

Жұмыс бір терезе қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Мұнда барлық сауалдарға қатысты кеңес алуға болады. Шағымдар мен ескертулер де қабылданады.

Облыс әкімдігінің фронт-офисі демалыс күндерінен басқа күн сайын сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.

Халықпен жұмыстың жаңа форматы мемлекет Басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы тапсырмасын орындау үшін енгізілді. Мақсаты-жұмыстың жеделдігін, ашықтығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету.