
Облыс орталығының тұрғындары өз ұсыныстарымен, сұрақтарымен және шағымдарымен сол кеңсеге бара алады. Қалалықтармен мұндай жұмыс форматы мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы кезінде ашықтыққа қол жеткізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жаңа фронт-офистің заманауи техникалық жабдықталуы нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта пайдалануға мүмкіндік береді.
Фронт-офисте қала әкімі аппаратының, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары, мемлекеттік активтер мен сатып алу, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің кеңсе мамандары жұмыс істейді. Олар қалалықтарға кеңес беріп, осы бөлімдермен көрсетілетін қызметтер бойынша құжаттарды қабылдайтын болады. Фронт-офиске жүгінген қарағандылықтар бір терезе қағидаты бойынша барынша қолайлы жағдайларда қызмет алады.
Бұдан тыс, үй-жайда қала басшылығының келіссөздер мен азаматтарды қабылдау ашық бөлмесі жайластырылған-open space форматындағы залда қала әкімі мен оның орынбасарлары ашық диалог форматында, апта сайын жеке мәселелер бойынша қабылдап, халықпен жұмыс істейтін болады.
Қала тұрғындары Н.Назарбаев даңғылы, 39-үй мекенжайы бойынша мамандармен хабарласа алады.