Меню

Страницы

Статья

«Даму» Қоры қарағандылық «Перспектива» компаниясына қолдау көрсетті

«Перспектива» ғылыми-өндірістік бірлестігі Megacam сауда маркасымен бейнебақылау камераларының, Megacam.Strazh қауіпсіздік терминалдарының шағын сериялы өндірісін және «Азамат-Полиция» жедел байланыс терминалдарын іске қосу үшін «Даму Өндіріс» бағдарламасын пайдаланды. Қаражат Fortebank арқылы жылдық 6% мөлшерлемемен бөлінді. Жоба «Бизнестің жол картасы – 2025» бойынша қолданылған.

 Компания бейнебақылау және бейне талдау жүйелері саласында бағдарламалық-аппараттық шешімдерді әзірлеу мен өндіруге маманданған және Қарағандының «Қауіпсіз қала» ауқымды жобасына қатысады.

2014 жылы «Перспектива» келісімшарттың сервистік моделі бойынша пилоттық жоба – Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдары үшін бейнебақылау бойынша бұлтты сервистің кешенді қызметтерін ұсынуды жүзеге асырды.

Сондай-ақ, бірлестік «БМСВ» бейнебақылау платформасы» қалалық бейнебақылау жүйесін әзірлеп, енгізді. Ол облыс бойынша жеті мыңнан астам бейнекамералар мен аппараттық-бағдарламалық кешендерден тұрады. Оның ішінде Қарағандының террористік тұрғыдан осал 132 ұйымында – мектептер, балабақшалар, мәдениет және спорт үйлері бар.

– Жинақталған тәжірибе мен кешенді тәсіл «Қауіпсіз қала» жобаларын құру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты тұжырымдауға мүмкіндік береді. Біздің мамандар үнемі бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді. Компания дамуының келесі кезеңі – ел аумағында «Қауіпсіз қаланы» жүзеге асыру моделін масштабтау және бейнебақылау мен бейне талдау жүйелері саласындағы бағдарламалық-аппараттық шешімдерді экспорттау, сондай-ақ жаңа бағыт – өнеркәсіптік қауіпсіздікті дамыту, – деп жоспарларымен бөлісті бірлестік директоры Владимир Жуков.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалының ақпараты бойынша

 

Дата публикации
01 февраля 2022
Дата обновления
01 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

16 марта 2026
Smart City – Smart Region
16 марта 2026
NitecAI
16 марта 2026
Smart Data Ukimet

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы