«Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
«Қарағанды облысының Бірыңғай үйлестіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
мемлекеттік саясатты іске асыру, цифрлық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісінде жергілікті қамтуды дамыту үшін жағдайлар жасау;
Қарағанды облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды тиімді басқару жүйесін қалыптастыру.
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
3) «SmartCity» технологияларын енгізу бойынша жұмысты үйлестіру;
4) ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті органдармен, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторымен, «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету, Қарағанды облысының аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Құқықтары:
1) цифрландыру, ақпараттандыру, байланыс және мемлекеттік қызметтер көрсетудің жетекшілік ететін салаларын дамытудың негізгі бағыттары бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға ақпарат беруге;
3) облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының жұмысына талдау жүргізу;
5) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік, консультациялық көмек көрсетуге міндетті.
6) Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тартуға;
7) белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардан және олардың аумақтық бөлімшелерінен, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінен және өзге де ұйымдардан осы Ережеде айқындалған функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алуға.
Міндеттері:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздікті, сондай-ақ басқарма теңгеріміндегі ақпараттық жүйелерге қатысты ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын қамтамасыз ету;
2) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және өзектендіруді жүзеге асыру;
3) инвестицияларды тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
5) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының электрондық ақпараттық ресурстарын толтыруды жүзеге асыру, олардың дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру мен дамытудың жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты өзінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
7) техникалық құжаттаманың түпнұсқаларын қағаз жеткізгіштерде сақтауды қамтамасыз ету және оларды "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
8) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
9) ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;
10) операторға «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды беру;
11) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін операторға электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді ұсыну;
12) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына деректерді беру;
13) Қарағанды облысы шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
14) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының ашық деректерін ашық деректердің интернет-порталына орналастыру мәселесі бойынша жұмысты үйлестіру;
15) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін әзірлеуге қатысу, оны уәкілетті органмен келісу;
16) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарының дұрыстығы мен өзектілігін, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді үйлестіру;
17) Қарағанды облысы деңгейінде іске асырылатын цифрландыру саласындағы жобаларды танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
18) Қарағанды облысының елді мекендерінің интернет желісіне кең жолақты қолжетімділіктің болуына талдау жүргізу;
19) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
20) Қарағанды облысында Ұлттық жобалар мен салалық тұжырымдамаларды, Басқарманың құзыретіне жататын бағыттар мен салалар бойынша Қарағанды облысын дамыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету;
21) Басқарманың құзыретіне жататын бағыттар бойынша Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу үшін уәкілетті органға есептік ақпарат беру, тиімділікті бағалау қорытындыларын талдау, көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі жоспарларды әзірлеу және іс-шараларды іске асыру;
22) байланыс қызметтерін ұсынуды үйлестіру;
23) Қарағанды облысының аумағында тұратын/тіркелген жеке және заңды тұлғаларға қатысты байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
24) Қарағанды облысының аумағында тұратын/тіркелген жеке және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
25) субъектінің немесе оның заңды өкілінің Дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарау және Қарағанды облысының аумағында тұратын/тіркелген жеке және заңды тұлғаларға қатысты тиісті шешім қабылдау;
26) Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға жол берген адамдарды Қарағанды облысының аумағында тұратын/тіркелген жеке және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау;
27) Қарағанды облысының аумағында тұратын/тіркелген жеке және заңды тұлғаларға қатысты меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етуге;
28) Қарағанды облысының аумағында тұратын/тіркелген жеке және заңды тұлғаларға қатысты субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
29) Облыстың мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарымен жүргізілетін жұмыстарды үйлестіру;
30) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау;
31) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізуі;
32) қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына талдау жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша материалдар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алу;
33) ішкі бақылау жөніндегі есепті уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну;
34) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат беруді қамтамасыз ету;
35) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру;
36) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз ету;
37) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарау;
38) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау;
39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз ету;
40) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру;
41) мүгедектігі бар адамдармен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру;
42) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастыру;
43) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу;
44) мемлекеттік органның қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру;
45) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде басқарманың негізгі қызметіне қайшы келмейтін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өкілеттіктерді жүзеге асыру.
1) «Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Басқарма ережесін әзірлейді;
3) Басқарма құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
4) Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда басқарма мүдделерін білдіреді;
8) өз құзыреті шегінде Басқарманың барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
9) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапты болады;
10) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен жүктелген функцияларды жүзеге асырады.
Бірінші басшының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде басқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған (ақшалай кірістерді қоса алғанда) мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қарауындағы ұйымдардың тізбесі:
«Қарағанды облысының Бірыңғай үйлестіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.