Қазақстанда Мемлекеттік қызметке түсу ережелері өзгерді

Қазақстанда мемлекеттік қызметке кіру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметке кіру ережелеріне өзгерістер біздің азаматтар үшін мемлекеттік қызметке кіру процесін жеңілдету және конкурстарды барынша ашық өткізу үшін енгізілді.

«Біріншіден, қолданыстағы ережелер бойынша үміткерлер байқауларға үйден шықпай-ақ қатыса алады. Ол үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы беруге мүмкіндік туындады, яғни бұрын талап етілгендей, мемлекеттік органға құжаттардың қағаз нұсқаларын әкелу қажеттілігі жойылды.

Сонымен қатар, әңгімелесуден өту үшін мемлекеттік органға кандидаттың жеке келуі қажет емес. Осылайша, түзетулерге сәйкес әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Екіншіден, бұрын конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметке түсу үшін үміткерлерге конкурс қорытындысы бойынша үміткер жеңімпаз болып танылатынына немесе танылмайтынына қарамастан құжаттар тізімін дайындау қажет болған еді», - деді агенттік басшысы.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өз өтінішіне: дипломның көшірмесі мен қызметтік тізімнің көшірмесін – екі құжатты қоса береді. Қалған қажетті құжаттарды конкурстық комиссияның оң шешімін алған үміткер ғана тапсырады.

          - Үшіншіден, агенттік конкурстық рәсімдердің ашықтығын одан әрі арттыруға бағытталған түзетулер қабылдады. Соңғы түзетулермен конкурсқа қатыса алатын әлеуетті бақылаушылар қатары едәуір кеңейтілді. Бұған дейін бақылаушылар тобына депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың өкілдері, Агенттік және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері кірген. Енді әрбір кәмелетке толған әрекетке қабілетті азамат бақылаушы бола алады.

Бұл үміткерлерге конкурстық комиссияның хатшысын алдын ала хабардар ете отырып, өзінің байқаушысын әңгімелесуге шақыруға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, бұрын комиссия шешімі дауыс беру арқылы қабылданатын болған.

Мәселен, комиссияның кейбір мүшелері конкурстық комиссия мүшелерінің бағалауы бойынша басқа үміткерлерден аз балл жинаған үміткерге дауыс бере алатын.

Соңғы түзетулерге қарағанда, комиссия мүшелері дауыс беру арқылы лауазымға үміткерді сайламайды.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша бос лауазымдық орынға ең көп балл жинаған үміткер ие бола алады.

Бұл ретте ұпайлар үміткердің жауаптарының дұрыстығы мен толықтығы, оның эссесінің бағасы, оның тәжірибесі, білімі мен коммуникативтік дағдылары, лауазымның ерекшелігіне байланысты қойылатын критерийлер ескеріле отырып қойылады, - деп толықтырды Жайылғанова.

Бесінші тармақ МҚІА басшысы әңгімелесу конкурс жеңімпазын таңдау кезінде жалғыз өлшем болып табылмайтынын атап өтті.

«Конкурсқа дейін үміткерлер мемлекеттік тілді және заңнаманы білетініне, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалайтын тестілеу тапсырады. Ал "Б" корпусының басшы лауазымына (басқарма басшысы лауазымынан және одан жоғары лауазымға) үміткерлер бұдан тыс, эссе тапсырады. Бұдан басқа, конкурстық комиссияның мүшелері лауазымның ерекшелігіне байланысты тиісті жұмыс дағдылары мен құзыреттілігі бар үздік шыққан үміткерді таңдау үшін қосымша іріктеу құралдарын жариялай алады. Мысалы, конкурстық комиссия үміткерлерден тиісті саладағы проблемалар мен оларды шешу мүмкіндіктері бойынша презентация жасауды, кейстік немесе практикалық міндеттерді шешуді және басқа да тапсырманы шешуді сұрай алады. "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық конкурстар қатаң түрде көрсетілген талаптарға сәйкес өтуі тиіс. Тағы да, өзгерістер біздің азаматтар үшін мемлекеттік қызметке кіру рәсімін жеңілдетеді, сондай-ақ іріктеу механизмдерінің ашықтығы мен айқындығын арттыратынын атап өтемін», – деді Анар Жайылғанова.

Дата публикации
19 мая 2020