«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде пайдаланылатын цифрландыру, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, электрондық мұрағаттарды және облыстық деңгейдегі ақпараттық жүйелердің деректер базасының көшірмелерін қалыптастыру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмысты үйлестіру;
3) "SmartCity" технологияларын енгізу бойынша жұмысты үйлестіру»;
4) ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер саласындағы уәкілетті органдармен, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторымен, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету»;
5) Қарағанды облысы аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
6) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары пайдаланатын облыстық деңгейдегі ақпараттық жүйелердің электрондық мұрағаттарын және деректер базасының көшірмелерін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі ақпараттық жүйелерге қатысты ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын қамтамасыз ету;
2) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын және мемлекеттік органдардың сәулетін әзірлеу, іске асыру, іске асыруды сүйемелдеу, мониторингілеу және дамыту қағидаларын ескере отырып, "электрондық үкіметтің" сәулетін, "электрондық әкімдіктің" үлгілік сәулетін дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін құру және дамыту;
4) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын толықтыруды жүзеге асыру, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз ету;
5) "электрондық әкімдіктің" үлгілік сәулеті негізінде Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының сәулетін әзірлеу мәселелері бойынша кеңес беру;
6) мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" сәулеттік порталында мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты өзекті етуді қамтамасыз ету, осы бағыттағы Қарағанды облысы жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
7) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты өзінің интернет-ресурстарында орналастыру;
8) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты орналастыруға, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға және дамытуға талдау жүргізу;
9) әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді, бастапқы бағдарламалық кодтарды (бар болса), "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету";
10) техникалық құжаттама түпнұсқаларын қағаз тасығыштарда сақтауды қамтамасыз ету және оларды "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына оның сұраухатына орай ұсыну;
11) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің" сәулеттік порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және өзектілендіруді жүзеге асыру;
12) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту барысында стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
13) "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдай тудыру;
14) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралар үйлестіру;
15) «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ашық деректерін қазақ және орыс тілдерінде ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
16) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының ашық деректерін ашық деректердің интернет-порталында орналастыру мәселесі бойынша жұмысты үйлестіру;
17) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстың орналастырылуын бақылау, сондай-ақ олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету;
18) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін әзірлеу, оны уәкілетті органмен келісу;
19) ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;
20) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарының дұрыстығын және өзектілігін, Қазақстан Республикасының "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
21) цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда көзделген бағыттар мен жобалар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыру;
22) Қарағанды облысы деңгейінде іске асырылатын цифрландыру саласындағы жобаларды танымал ету жөніндегі іс-шараларды өткізу;
23) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының республикалық деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және облыстық деңгейдегі ведомстволық ақпараттық жүйелерді пайдалану тиімділігінің мониторингін жүргізу;
24) Қарағанды облысының елді мекендерінің Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділіктің болуына талдау жүргізу;
25) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
26) «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын бағыттар мен салалар бойынша Қарағанды облысындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, Қарағанды облысының даму бағдарламасының іске асырылуын қамтамасыз ету;
27) «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын бағыттар бойынша Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау үшін уәкілетті органға есепті ақпарат ұсыну, тиімділікті бағалау қорытындыларына талдау жасау, көрсеткіштерді жақсарту бойынша жоспарларды әзірлеу және іс-шараларды іске асыру;
28) байланыс қызметтерін көрсетуді үйлестіру;
29) облыстың мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарымен жүргізілетін жұмыстарды үйлестіру;
30) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау;
31) облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуіне ішкі бақылау жүргізу;
32) қалалар мен аудандар әкімдіктерінің құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық басқармалардың жұмысына талдау жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша материалдар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алу;
33) уәкілетті мемлекеттік органға ішкі бақылау бойынша есеп ұсыну;
34) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
35) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізуге арналған ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынуды қамтамасыз ету;
36) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
37) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз ету;
38) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарау;
39) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау;
40) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз ету;
41) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті қамтамасыз етуді үйлестіру;
42) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына ұсынуды үйлестіру;
43) көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз ету;
44) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуді үйлестіру;
45) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурс не тікелей келіссөздер ұйымдастыру;
46) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу;
47) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
1) «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысуға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға ақпарат беруге;
3) облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
4) «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының жұмысына талдау жүргізуге;
5) «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік, консультациялық көмек көрсетуге;
6) жобалық басқару тетіктерін іске асыру шеңберінде құрамына Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тарта отырып квазимемлекеттік сектор ұйымдары мен өзге де ұйымдардың өкілдерін келісу бойынша «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша жобалық кеңселерді құруға бастамашылық етуге;
7) қызметін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес жүзеге асыруға;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.
1) «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені әзірлейді;
2) «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің ережесін бекітеді;
3) «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы орындауын бақылайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
7) өз құзыреті шегінде «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылды күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен жүктелген және облыс әкімдігі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы жұмыста болмаған кезеңде өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған (ақшалай кірістерді қоса алғанда) мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қарауындағы ұйымдардың тізбесі:
"Қарағанды облысының Бірыңғай үйлестіру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.