Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 3 қаңтардағы № 252-VIII ҚРЗ
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 380-3-баппен толықтырылсын:
"380-3-бап. Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану
екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
1) екі және одан көп адамға қатысты;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) бірнеше рет;
4) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
5) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
1) екі және одан көп адамға қатысты;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) бірнеше рет;
4) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
5) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
1) екі немесе одан көп адамға қатысты;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) бірнеше рет;
4) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
5) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
1) 187-баптың екінші бөлігі "380-2" деген цифрлардан кейін ", 380-3 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 191-баптың екінші бөлігі "379" деген цифрлардан кейін ", 380-3 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының
Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |