Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасы» КММ , «Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасы» КММ директорының бос лауазымына конкурс жариялайды. Мекенжайы: Қарағанды қ., Бирюзов көшесі, 22, пошта индексі: 100007, телефон: (7212) 31-09-04, E-mail: karhospital@inbox.ru

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының  «Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасы»  КММ , «Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасы» КММ директорының бос лауазымына конкурс жариялайды. Мекенжайы: Қарағанды қ., Бирюзов көшесі, 22,

пошта индексі: 100007, телефон: (7212) 31-09-04, E-mail: karhospital@inbox.ru

 

Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Қызметінің мәні – денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыру. Қызметтің мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулықты сақтау жөніндегі конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және олардың сақталуына кепілдік беру.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

МӘМС және ТМККК шеңберінде халыққа консультативтік-диагностикалық, стационарды алмастыратын және стационарлық нысандарда білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсету; ақылы медициналық қызметтер көрсету; диагностика, зертханалық диагностика; фармацевтикалық қызмет және басқа да қызмет түрлері.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) сертификаттау курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік берілгені туралы куәлік (сертификат);

немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе EMBA немесе full-time (фултайм) дәрежесі;

немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе EMBA немесе full-time (фултайм) дәрежесі;

денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

 

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларын;

заманауи басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін; басқарудың экономикалық әдістерін және ұйым қызметін талдауды; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын; денсаулық сақтау саласындағы адам ресурстарын басқарудың озық тәжірибесін; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, критерийлер мен көрсеткіштерді; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибені; еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды; төтенше жағдайлар жағдайында қызметті ұйымдастыруды.

Лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық етеді, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын, сондай-ақ қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа және қолданыстағы ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың қызметін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына, сондай-ақ өзінің және бағынысты тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмірі мен денсаулығына қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамашылдығы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жөнінде тиімді шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитариялық қағидалар мен нормалардың сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.

Медициналық этика талаптарының, ұйым қызметіндегі заңдылықтың, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыреті шегінде барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылатын өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның атынан өкілдік етеді. Медициналық этика талаптарының, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, аспаптар мен жабдықтарды техникалық пайдалану талаптарының, өртке қарсы қауіпсіздіктің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  3. Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  4. Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе еңбек шарты, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер не жұмыс өтілін растайтын өзге де құжат;
  5. Денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  6. Соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды 2026 жылғы 31 қаңтар мен 14 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес ұсынады.

Құжаттар Қарағанды қаласы, Бирюзов көшесі, 22 мекенжайы бойынша «Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасы» КММ-нің кадр бөліміне 2026 жылғы 14 ақпанға дейін қабылданады.Телефон: (7212) 31-09-04 E-mail: sup_mb_1@mail.ru

Дата публикации
31 января 2026