«Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша беру туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша беру туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
03 июля 2025