Тендер өткізу тәсілімен 2025 жылға арналған тегін дәрілік заттармен амбулаториялық қамтамасыз етуге фармацевтикалық қызметті сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

Тендер өткізу тәсілімен 2025 жылға арналған тегін дәрілік заттармен амбулаториялық қамтамасыз етуге фармацевтикалық қызметті сатып алуды өткізу туралы хабарландыру «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2-үй, келесі препараттарды тендер тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы хабарлайды. 1) Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, көлемі мен толық өзгешеліктері конкурстық құжаттама пакетінде көрсетілген. 2) Тауар жеткізушінің бөлшек желісіне жеткізілуі тиіс. Дәрі-дәрмекті босату дәрігерлердің рецепті бойынша жеткізушінің бөлшек желісі арқылы жүзеге асады. Жеткізу мерзімі: 2025 жылдың айсайын келесі айдың 5-ші күніне дейін жеткізу кестесіне сәйкес аяқтау. 3) Тендерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 9-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі; 4) Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, 100000, Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2, № 5 бөлмеде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе www.//zdravkrg.kz/ веб-сайтында және gz-uzko@yandex.kz электрондық мекенжайы бойынша 2025 жылғы 24 қаңтарға қоса алғанда сағат 15.00-ге дейін мерзімде алуға болады. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2025 жылғы 27 қаңтар сағат 13.00-ге дейін. 5) Тендерлік өтінімдермен конверттер 2024 жылғы 27 қаңтар сағат 15.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Денсаулық сақтау басқармасы, 100000, Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2а, мәжіліс залы. Әлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдермен конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7212) 55-97-83.
Дата публикации
05 января 2025