Бұйрық 507-ө от 27.09.2024 жыл

Тегін медициналық көмектің

кепілдік берілген көлемі

шеңберінде және Қарағанды облысы

бойынша 2025 жылға арналған

міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру жүйесінде

стационарлық және стационарды

алмастыратын жағдайларда төсек

бейіндері бөлінісінде төсек қорын қоса

алғанда денсаулық сақтау субъектілерінің

төсек қорын айқындау туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне, «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106, «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР-ДСМ-27, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-186/2020 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарына сәйкес төсек қорын ұтымды пайдалану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда төсек бейіндері бөлінісінде төсек қоры 1,2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
  2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін мемлекеттік медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке меншік нысандарының директорлары: бекітілген төсек қорына сәйкес төсектердің жұмысын қамтамасыз етсін
  3. «С. Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО» ШЖҚ РМК директоры Ж.М. Есмағамбетова (келісім бойынша):

3.1. Төсек қоры бойынша деректер базасына өзгерістер енгізсін;

3.2. Статистикалық деректерді жинау және талдау кезінде төсек қорының өзгерістері ескерілсін.

  1. «ӘМСҚ» КЕАҚ ҚОФ директоры Ф. Копобаев (келісім бойынша): амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда және тәулік бойғы стационарларда бекітілген халыққа стационарды алмастыратын көмек бойынша қаржыландыруды орналастыру кезінде төсек қорындағы өзгерістерді ескерсін.
  2. Амбулаториялық-емханалық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы Д.Е. Байкенова, Стационарлық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы С.А. Әмірқұлова, Ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Л.Т.Оспанова:

5.1 Медициналық көмек көрсету кезінде төсек қорының тиімді пайдаланылуын және бейінді емдеуге жатқызуды бақылауды қамтамасыз етсін;

5.2. «ӘМСҚ» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалын, «С. Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО» ШЖҚ РМК-ны төсек қорына енгізілген өзгерістер туралы хабардар етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Қарағанды облысының

денсаулық сақтау

басқармасының басшысы                                                    Б. Төлегенова

Бұйрық 507-ө от 27.09.2024 жыл
Дата публикации
30 сентября 2024