«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-мен бірлесіп «Қарағанды қаласының № 3 емханасы» КМК базасында «Мемлекеттік қызметтер күнін» ұйымдастырды.
«Қарағанды қаласының № 3 емханасы» КМК қызметкерлері пациенттерге денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы: «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру», «Дәрігерді үйге шақыру», «Жедел медициналық көмекті шақыру», «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру», «Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру», «Санаторий-курорттық емделуге қажеттілік туралы қорытынды беру», «Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру», «Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту», «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру», «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу».
«Мемлекеттік қызметтер күні» мемлекеттік қызметтерді алу туралы халықтың хабардарлығын арттыруға ықпал еткен нәтижелі іс-шара болды.