Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 25.07.2024 ж. ҚОДСБ «Облыстық клиникалық аурухана» КМК (бұдан әрі – ОКА) ОКА директорының бос лауазымына конкурс жарияланды.
ҚОДСБ «Облыстық клиникалық аурухана» КМК Байқау кеңесінің 12.08.2024 ж. №5 хаттамалық шешімімен (бұдан әрі – ОКА БК) конкурса қатысушы Абдрахманов Кайрат Темирович әңгімелесуге жіберілді.
Жоғарыда аталған қатысушымен әңгімелесу бейнеконференция режимінде 14.08.2024 ж.сағат 09:00-де ОКА БК отырысы шеңберінде жүргізіледі.