Тендер өткізу тәсілімен 2024 жылға ТМККК шеңберінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты арнайы дәрілік өнімдермен және тегін дәрілік заттармен амбулаториялық қамтамасыз етуге фармацевтикалық қызметті сатып алуды жүргізу туралы хабарландыру
«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2а, келесі препараттарды тендер тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы хабарлайды:
Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, көлемі мен толық өзгешеліктері конкурстық құжаттама пакетінде көрсетілген.
Тауар жеткізушінің бөлшек желісіне жеткізілуі тиіс. Дәрі – дәрмекті босату дәрігерлердің рецепті бойынша жеткізушінің бөлшек желісі арқылы жүзеге асады.
Жеткізу мерзімі: 2024 жылдың айсайын келесі айдың 5-ші күніне дейін жеткізу кестесіне сәйкес аяқтау.
3) Тендерге тармақта көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі. 9 " тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық көмек жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығымен бекітілген;
4) Тендерлік құжаттама топтамасын мына мекенжай бойынша: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, 100000, Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2, №5 бөлмеде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе www.//zdravkrg.kz/ веб-сайтында және gz-uzko@yandex.kz электрондық мекенжайы бойынша 2024 ж. 2 тамызға қоса алғанда сағат 15.00-ге дейін мерзімде алуға болады.
Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 5 тамызға сағат 13.00-ге дейін.
5) Тендерлік өтінімдермен конверттер 2024 жылғы 5 тамызға сағат 15.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Денсаулық сақтау басқармасы, 100000, Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2а, акт залы.
Әлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдермен конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7212) 55-97-83.