2024 ж. тендер өткізу тәсілімен медициналық бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

«Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі,  2-үй,  тендер тәсілімен сатып алуды өткізетіндігі туралы хабарлайды.

1) сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны, сомасы, егжей-тегжейлі ерекшелігі және жеткізу мерзімі тендерлік құжаттамада №1 қосымшада көрсетілген.

2) тауар Қарағанды облысының медициналық ұйымдарына, рұқсат қағазына сәйкес жеткізілуі тиіс.

3) Тендерге тармақта көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі. 9 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық көмек жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығымен бекітілген;

4) Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2, №5 каб. сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе www://zdravkrg. kz/ веб-сайтында және gz-uzko@yandex.kz электронды поштасына    2024 жылғы  13 наурызға,  сағат 15.00.    қоса алған уақытқа дейін өтінім жолдау арқылы алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 14 наурызға сағат 13.00-ге дейін;

5) Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2024 жылғы 14 наурызға күні сағат 15.00-де мына мекенжайда ашылады: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2- үй, 4- қабат, мәжіліс залы.

Әлеуетті өнім жеткізушілер  тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7212) 55-97-83 телефоны арқылы алуға болады.

фыв
Дата публикации
22 февраля 2024