Жас денсаулық сақтау мамандарына әлеуметтік қолдауды күшейту

 «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына қосымша ауылдық жерлерде және аудандық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтін дәрігерлер мен провизорларға бұдан да жоғары көтерме жәрдемақылар беріледі.

 

Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының ауылдық жерлерге және аудандық маңызы бар қалаларға жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы бастамасын қолдады.

Қосымша көтерме жәрдемақыларды төлеу мөлшері

1) жалпы практика дәрігері, педиатр, акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог 5 млн. теңге сомасына көтерме жәрдемақы ала алады;

2) кардиолог, хирург, невропатолог және офтальмолог 3 млн. теңгеден алады;

3) ауылға келген акушерлер мен фармацевтер 1,5 млн. теңгеден алады.

Қосымша көтерме жәрдемақыны кімдер ала алады?

Үміткерлер келесі талаптарға сай болуы керек:

1) медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатарынан жоғарыда аталған мамандар;

2) үш жылға дейінгі жұмыс өтілі бар қазіргі дәрігерлер мен орта медициналық персонал.

Бағдарламаға қалай қатысуға болады?

Бағдарламаға қатысу және өтемақы алу үшін жоғарыда аталған мамандар Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 2, №7-каб мекенжайы бойынша Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының кадр қызметіне келуі қажет, e-mail: spzdv@bk.ru

 

Жобаға қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі комиссия өтініштердің түсуіне қарай айына екі рет өткізілетін болады.

Толық ақпарат zdravkrg.kz сайтында орналастырылған.

решение
Дата публикации
11 мая 2023