«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ төменде көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарына байқау кеңесінің мүшелігіне бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу күні: 27.04.2023 жыл.

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ төменде көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарына байқау кеңесінің мүшелігіне бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу күні: 27.04.2023 жыл.

Конкурсты өткізу орны: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 үйі, 4 қабат, конференц – зал, телефон 8(7212) 559784.

  1. Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ардақ көшесі, 1 құрылысы мекенжайы бойынша орналасқан «Қарағанды қаласының № 2 емханасы» КМК байланыс телефоны 8(7212) 32-88-01. Кәсіпорынның қызметі-медициналық көмек көрсету. 1 бос орын.
  2. Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Абай көшесі, 53/3 үйі мекенжайы бойынша орналасқан «Теміртау қаласының № 2 емханасы» КМК байланыс телефоны 8(7213) 44-77-29. Кәсіпорынның қызметі-медициналық көмек көрсету. 1 бос орын.
  3. Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, Санаторная көшесі, 22 құрылысы мекенжайы бойынша орналасқан «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМК байланыс телефоны 8(7212) 41-76-36. Кәсіпорынның қызметі-медициналық көмек көрсету. 3 бос орын.
  4. Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Чкалов көшесі, 9 құрылысы мекенжайы бойынша орналасқан «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК байланыс телефоны 8(7212) 41-45-01. Кәсіпорынның қызметі-медициналық көмек көрсету. 3 бос орын.
  5. Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 52 Б үйі, мекенжайы бойынша орналасқан «Бұқар-Жырау ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК байланыс телефоны 8(7212) 41-76-36. Кәсіпорынның қызметі-медициналық көмек көрсету. 3 бос орын.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестеріне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімінің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:

- денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және(немесе) экономика/қаржы және(немесе) бизнес және(немесе) құқық саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні және(немесе) экономика/қаржы және(немесе) бизнес және(немесе) құқық бойынша басшы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- денсаулық сақтау және(немесе) экономика және(немесе) бизнес және(немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

Байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлана алмайтын тұлғалар:

- өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

- заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болған;

- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

- байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы тұлға.

Құжаттар «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ № 14 кабинетке баспасөз басылымдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн мерзімде ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда);

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Құжаттарды қабылдау күні 28.03.2023 жылдан бастап.



Наблюд
Дата публикации
28 марта 2023