Жалпы ережелер
1.1. Денсаулық сақтау басқармасының Амбулаториялық-емханалық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімі (әрі қарай бөлім) өз қызметін "Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы"ММ Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
1.2. Бөлім Басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылады және заңды тұлға мәртебесіне ие емес.
1.3. Бөлім ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмек көрсету бойынша БМСК қызметін үйлестіруді, талдауды, бақылауды, қызметті бағалау индикаторларын әзірлеуді және енгізуді жүзеге асыруды, емдеу хаттамаларын әзірлеуді, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асырады.