2023 ж. тендер өткізу тәсілімен медициналық бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

«Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2-үй, тендер тәсілімен сатып алуды өткізетіндігі туралы хабарлайды.
1) сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны, сомасы, егжей-тегжейлі ерекшелігі және жеткізу мерзімі тендерлік құжаттамада №1 қосымшада көрсетілген.
2) тауар Қарағанды облысының медициналық ұйымдарына, рұқсат қағазына сәйкес жеткізілуі тиіс.
3) Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 04 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту» Заңының 14-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім жеткізушілер жіберіледі;
4) Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2, №5 каб. сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе www://zdravkrg. kz/ веб-сайтында және gz-uzko@yandex.kz электронды поштасына 2023 жылғы 27 наурызға, сағат 15.00. қоса алған уақытқа дейін өтінім жолдау арқылы алуға болады.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 28 наурызға сағат 13.00-ге дейін;
5) Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2023 жылғы 28 наурызға күні сағат 15.00-де мына мекенжайда ашылады: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2- үй, 4- қабат, мәжіліс залы.
Әлеуетті өнім жеткізушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7212) 55-97-83 телефоны арқылы алуға болады.

Дата публикации
03 марта 2023