2023 жылға арналған тендер өткізу тәсілімен иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

«Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қарағанды ​​қаласы, Әлиханов к-сі, 2 үй, мынадай препараттарды  тендер тәсілімен сатып алуды жариялайды:

  • Тірі туляремиялық вакцина, сатып алу көлемі - 300 доза, жеткізу орны МЗБП сақтауға арналған облыстық қойма  (Қарағанды қ., Шахтерлер даңғылы,81), бөлінген сома - 750 000 теңге;
  • Тірі, құрғақ күйдіргі вакцинасы – 1370 доза, жеткізу орны МЗБП сақтауға арналған облыстық қойма (Қарағанды қ., Шахтерлер даңғылы,81), бөлінген сома- 8 631 000 теңге;
  •  Туляремиялық вакцина,   сұйық, теріге қолдануға арналған туляремия аллергені -   80 доза, жеткізу орны МЗБП сақтауға арналған облыстық қойма  (Қарағанды қ., Шахтерлер даңғылы,81), бөлінген сома -432 000 теңге;

1) тауар МЗБП сақтауға арналған облыстық қоймаға жеткізілуі тиіс. Жеткізудің талап етілетін мерзімі - 2023 жылғы 01 мамырға дейін;

   2) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы 2021 жылғы 04 маусымдағы №375 талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.

   3) Тендерлік құжаттама пакетін «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, 100000, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 2, №5 каб, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе www://zdravkrg.kz/ веб-сайтынан және  gz-uzko@yandex.kz электондық поштасы бойынша, 2023 жылғы 06 ақпанға қоса алғанда, сағат 15.00-ге дейінгі мерзімде алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі - 2023 жылғы 07 ақпанға сағат 13.00-ге дейін;

  5) Тендерлік өтінімдер салынған конверттер Денсаулық сақтау басқармасы, 100000, Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2, акт залы  мекенжайында,   2023 жылғы 07 ақпан сағат 15.00-де   ашылады;

Әлеуетті жеткізушілер  тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7212) 55-97-83 телефоны бойынша алуға болады

2023 жылға арналған тендер өткізу тәсілімен иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
16 января 2023