Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24094 болып тіркелді
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 82) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, иновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) дәрігерге дейінгі медициналық көмек – орта медицина қызметкерлері дербес немесе денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, мүгедектер мен хал үстіндегі адамдарға күтімді қамтитын мультипәндік команда құрамында көрсететін медициналық көмек;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
5) клиникалық хаттама – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
6) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
7) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
8) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) - адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді қамтитын халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке алғашқы қол жеткізу орны;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
10) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
11) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
12) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтер тұтынушыларға ұсынылатын медициналық көмек көлемі;
13) отбасылық дәрігер – отбасы мүшелеріне медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы көпбейінді даярлықтан өткен және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар дәрігер;
14) патронаж – медицина қызметкерлерінің үй жағдайында профилактикалық және ақпараттық шараларды жүргізуі (нәрестеге патронаж, жүкті әйелге, босанған әйелге, диспансерлік науқасқа патронаж);
15) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмек көлемі.
1) ТМККК шеңберінде;
2) МӘМС жүйесінде;
3) "Cақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі.
2-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету тәртібі
1) қызмет көрсетудің отбасылық қағидаты;
2) МСАК аумақтық қолжетімділігі;
3) аумақтық қолжетімділік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;
4) пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттануы;
5) меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, тең құқықтылық және адал бәсекелестік;
6) профилактиканы, диагностиканы және емдеуді қамтитын МСАК көрсетілетін қызметтері пациенттердің тұрған жеріне қарамастан, олардың барлығына қолжетімді болуы.
МСАК көрсететін ауылдық медициналық ұйымдарды қоспағанда, бір жалпы практика дәрігеріне бекітілген халықтың саны аралас халыққа 1 700 адамнан, учаскелік терапевтке 2 200 адамнан, учаскелік педиатрға – 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан, 7-ден 18 жасқа дейінгі 900 баладан аспайды.
1) шұғыл – бекітілу фактісіне байланыссыз денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
2) кезек күттірмейтін – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
3) жоспарлы – көмек көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде бекіту орны бойынша алдын ала жазылумен немесе жүгінумен көрсетілетін медициналық көмек нысандарында беріледі.
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес МСАК-тың медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, орта және (немесе) жоғары медициналық білімі бар мейіргер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша аурулар кезінде немесе дәрігердің қатысуын талап етпейтін жағдайларда орта медицина қызметкерлері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) көрсететін дәрігерге дейінгі медициналық көмекті;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес МСАК дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігер және (немесе) учаскелік педиатр) көрсететін медициналық қызметтер тізбесі бойынша жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігер және (немесе) учаскелік педиатр көрсететін білікті медициналық көмекті;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес МСАК ұйымындағы әлеуметтік қызметкер мен психолог қызметінің тізбесі бойынша денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер мен психолог көрсететін медициналық-әлеуметтік көмекті қамтиды.
1-параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында диагностика және емдеуді ұйымдастыру тәртібі
Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда амбулаториялық пациенттің медициналық картасы қағаз түрінде ресімделеді, кейін медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.
МСАК ұйымы бастапқы есепке алу медициналық құжаттың, оның ішінде электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді.
Пациент жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты МСАК ұйымдарына жүгінген жағдайда тіркеу орнының маманы немесе медицина қызметкері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) пациентті дәрігерге дейінгі кабинет (сүзгі) жібереді.
Дәрігерге дейінгі кабинетте (сүзгі) медицина қызметкері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) пациентті қарап болған соң қажетті дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді.
Білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайлары кезінде медицина қызметкері кезекші дәрігерді немесе учаскелік дәрігерді шақыртады. Көрсетілімі болған жағдайда медицина қызметкері жедел жәрдем бригадасын шақыруды және шұғыл нысанда бейін бойынша тәуліктік стационарға жіберуді қамтамасыз етеді.
Шұғыл емдеуге жатқызуды қарастырмайтын жағдайлар кезінде пациентті одан әрі байқау амбулаториялық деңгейде жүзеге асырылады, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қашықтықтан консультация беру арқылы жүзеге асырылады.
Коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттерге және коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажет болған кезде бейінді мамандардың қашықтықтан консультациялары ұйымдастырылады.
патронаж;
пациентке белсенді баруы;
үйге шақыртуы;
үй жағдайындағы стационар;
3 деңгейдегі медициналық оңалту;
отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша қызметтер;
саламатты өмір салты бойынша іс-шаралар;
медициналық-әлеуметтік қолдау;
психологиялық көмек;
созылмалы ауруларды динамикалық байқау;
әлеуметтік мәні бар ауруларды динамикалық байқау;
рецепт жазу;
паллиативтік мобильдік бригаданың шығуы;
Коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттерге және коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге мобильдік бригаданың шығуы жүргізеді.
1) 5 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде жаңа туған нәрестелерге;
2) жүкті және босанған әйелдерге;
3) өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қаупі анықталған 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті немесе босанған әйелдері бар отбасыларды байқау кезінде;
4) қозғалысы шектелген кезде асқынудан тыс созылмалы аурулары бар пациентке;
5) паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерге жүргізіледі.
Патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдерге және 5 жасқа дейінгі балаларға ұсынылады және жүкті әйелге (жүктіліктің 12 аптасына және 32 аптасына дейінгі мерзімде) 2 босанғанға дейінгі патронаждан және жүкті, жаңа туған нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балаларды дәрігердің немесе фельдшердің немесе орта медицина қызметкерінің үйде және МСАК ұйымдарында қабылдауда жалпы бақылау схемасы бойынша балаларға 9 келуден тұрады.
Қазақстан Республикасында педиатриялық және акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға патронаж жасаудың әмбебап-прогрессивтік тәсілінің схемасы (орта медицина қызметкерінің үйде патронаждық баруы) бойынша олардың өміріне, денсаулығына, дамуы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдер анықталған жүкті әйелдер мен балаларға патронаждық бақылау ұсынылады, Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.
Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда қағаз түрінде ресімделеді, кейін медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.
1) стационардан шығару немесе жедел медициналық көмек станциясынан ақпаратты (активтерді) берген ауыр жағдайдағы пациенттердің қозғалуы шектелген кезде;
2) жүкті әйелдер белгіленген күннен кейін 3 күннің ішінде қабылдауға келмеген кезде;
3) босанған әйел көрсетілген мерзімде қабылдауға келмегенде;
4) босанған әйел бекіту мәртебесіне қарамастан акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан келіп түскен мәліметтер бойынша қызмет көрсету аумағына келген жағдайда жүзеге асырылады.
Пациенттің үйіне белсенді баруды учаскелік медициналық мейіргер немесе фельдшер басымдықпен жүзеге асырады.
Үйге шақыруды қабылдауды МСАК ұйымының тіркеу орны және (немесе) учаскелік мейіргер немесе фельдшер жүзеге асырады.
Учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:
1) шақырту кезінде дене қызуының 380С болуы;
2) жай-күйінің бұзылуынсыз артериялық қысымның артуы;
3) медициналық көмекті және үйде консультацияны қажет ететін жай-күйі, ауруы, жарақаттары (есінен айырылмау, қан кету белгілерінсіз, жай-күйінің кенеттен нашарламауы).
Учаскелік дәрігердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:
1) шақыртуға қызмет көрсеткен учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің шақыртуды қабылдауы кезінде МСАК-тың тіркеу бөлімі бағалаған дәрігердің үйде тексеріп-қарауын қажет ететін жай-күйі;
2) вакциналаудан кейінгі жағдайдың нашарлауы.
5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және босанған әйелдерге денсаулық жай-күйінің кез-келген нашарлауы кезінде, жедел медициналық көмек шақыртуларын қоспағанда, үйде қызмет көрсетіледі. 65 жастан асқан, қозғалысы шектелген адамдарға үйде қызмет көрсетіледі.
2-параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында профилактика және сауықтыруды ұйымдастыру тәртібі
1) профилактикалық медициналық қарап-тексеруді, оның ішінде халықтың нысаналы топтарын;
2) бекітілген халық ауруларының мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау және мониторингтеу және анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына үйретуді;
3) иммундауды;
4) саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттауды;
5) репродуктивті денсаулықты сақтау іс-шараларын;
6) жүкті және босанған әйелдерді антенаталдық байқауды және босанған әйелдерді кеш босанудан кейінгі кезеңде байқауды;
7) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтиды.
1) жүкті әйелдерді босануға, оның ішінде серіктес босануға дайындау бойынша босанғанға дейінгі оқытуды жүргізу, жүкті әйелдерді мазасыздық белгілері туралы, тиімді перинаталдық технологиялар, ана болу қауіпсіздігі, емшекпен қоректендіру және перинаталдық күтім қағидаттары туралы хабардар ету;
2) отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру және қызметтер көрсету;
3) бейінді мамандарға жіберу үшін жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы және анықтау;
4) қаламаған жүктілік пен қауіпсіз аборттың профилактикасы;
5) репродуктивтік ағзалар ісігінің профилактикасы (жатыр мойны мен сүт безі ісігі).
дер кезінде сырқаттанғандарды анықтау;
профилактикалық егулер жүргізу;
инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жатады.
Бекітілген халықтың арасында инфекциялық ауруларды белсенді анықтау МСАК ұйымдарының медицина қызметкері пациентке үйде белсенді бару жолымен аулаларды (пәтер бойынша) аралау жолымен инфекциялық аурудың өршуі туралы ресми хабарлама алған кезде жүзеге асырылады.
Техникалық мүмкіндік болмаған кезде кейіннен медициналық ақпараттық жүйеге енгізе отырып, қағаз түрінде ресімделеді.
3-параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында динамикалық байқауды, оңалтуды және паллиативтік көмекті, еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізуді ұйымдастыру тәртібі
Пациент тіркелген жері бойынша МСАК ұйымында динамикалық байқау үшін үш құжаттың бірінің негізінде есепке қойылады:
1) МСАК дәрігерінің қорытындысы;
2) бейінді маманның консультациялық қорытындысы;
3) стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмелер.
Техникалық мүмкіндік болмаған кезде кейіннен медициналық ақпараттық жүйеге енгізе отырып, қағаз түрінде ресімделеді.
Көрсетілімдер болған кезде денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және саламатты өмір салты кабинеттерінің мамандары тартылады.
Кодекстің 7-бабының 32-тармағына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес онкологиялық науқастарды динамикалық байқау Іа тобындағы қатерлі ісіктерге күдікті аурулармен ауыратын пациенттерге, Іб тобындағы ісікалды аурулармен ауыратын пациенттерге, паллиативтік немесе симптомдық емдеуге жататын IV топтағы қатерлі ісіктердің таралған нысанымен ауыратын пациенттерге жүргізіледі.
Кодекстің 7-бабының 32-тармағына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының халқына мейіргерлік күтім көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес көрсетуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
1) дәрігердің қабылдауына жазылу;
2) дәрігерді үйге шақыру;
3) МСАК көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру;
4) МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Пациент өз бетінше немесе МСАК ұйымына телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары "Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу" журналына жазба енгізеді және дәрігердің қабылдау кестесіне сәйкес ауызша түрде дәрігердің қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты береді.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
МСАК ұйымы Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Пациент МСАК ұйымына өз бетінше немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары "Шақыруларды тіркеу журналына" жазба жасайды және ауызша түрде дәрігердің келу күні мен уақыты көрсетілген жауапты береді. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін үйде медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
МСАК Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Пациент МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК мамандары медициналық ақпараттық жүйеде пациенттің динамикалық байқаудағы жай-күйі/жағдайы туралы тексеруді жүзеге асырады, содан кейін № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/е нысаны бойынша әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда (туберкулез, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру, психикалық, мінез-құлықтың бұзылуы (аурулар)) диагноздың атауын көрсете отырып, "медициналық қорытынды" 5-тармағын толтыра отырып анықтама ресімдейді және учаскелік дәрігердің немесе жалпы практика дәрігерінің жеке қолымен және мөрімен және МСАК ұйымының мөрімен куәландырылады.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде МСАК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанындағы медициналық ұйымнан анықтама қалыптастырылады, ол "Жеке кабинетке" жіберіледі.
Нәтижесінде МСАК ұйымынан динамикалық бақылаудағы жай-күйі және (немесе) жай-күйі туралы анықтама беріледі.
МСАК ұйымы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
|
|
Медициналық-санитариялық |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, орта және (немесе) жоғары медициналық білімі бар мейіргер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі
|
№ р/с |
Қызметтердің коды |
Қызметтердің атауы |
|
|
|
1. |
A01.008.000 |
Қабылдау: Фельдшер |
|
|
|
2. |
A01.008.002 |
Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Фельдшер |
|
|
|
3. |
A01.008.003 |
Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Фельдшер |
|
|
|
4. |
A01.008.008 |
Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Фельдшер |
|
|
|
5. |
A01.008.009 |
Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Фельдшер |
|
|
|
6. |
A01.008.010 |
Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Фельдшер |
|
|
|
7. |
A01.008.012 |
Медициналық оңалтудың кешенді қызметтері: Фельдшер |
|
|
|
8. |
A01.008.013 |
Шұғыл медициналық көмек көрсету: Фельдшер |
|
|
|
9. |
A01.009.000 |
Қабылдау: Жоғары білімі бар мейіргер |
|
|
|
10. |
A01.009.002 |
Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Жоғары білімі бар мейіргер |
|
|
|
11. |
A01.009.003 |
Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Жоғары білімі бар мейіргер |
|
|
|
12. |
A01.009.008 |
Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер |
|
|
|
13. |
A01.009.009 |
Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер |
|
|
|
14. |
A01.009.010 |
Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Жоғары білімі бар мейіргер |
|
|
|
15. |
A01.009.012 |
Медициналық оңалтудың кешенді қызметтері: Жоғары білімі бар мейіргер |
|
|
|
16. |
A01.010.000 |
Қабылдау: Орташа білімі бар мейіргер |
|
|
|
17. |
A01.010.002 |
Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Орта білімі бар мейіргер |
|
|
|
18. |
A01.010.003 |
Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Орта білімі бар мейіргер |
|
|
|
19. |
A01.010.008 |
Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер |
|
|
|
20. |
A01.010.009 |
Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер |
|
|
|
21. |
A01.010.010 |
Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Орта білімі бар мейіргер |
|
|
|
22. |
A01.010.012 |
Медициналық оңалтудың кешенді қызметтері: Орта білімі бар мейіргер |
|
|
|
23. |
A01.011.000 |
Қабылдау: Акушер |
|
|
|
24. |
A01.011.003 |
Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Акушер |
|
|
|
25. |
A01.011.008 |
Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Акушер |
|
|
|
26. |
A01.011.013 |
Жүкті әйелдерді және отбасы мүшелерін босануға дайындау мектебі: Акушер |
|
|
|
Зертханалық диагностика (дәрігерге дейінгі медициналық көмек) |
|
|||
|
27. |
B03.866.003 |
Экспресс әдісімен несептің көрсеткіштерін (pH, лейкоциттер, эритроциттер, уробилиноген, нитриттер, ақуыз) анықтау |
|
|
|
28. |
B03.401.003 |
Экспресс әдісімен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау |
|
|
|
29. |
B03.335.003 |
Экспресс әдісімен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау |
|
|
|
30. |
B03.486.003 |
Экспресс әдісімен бойынша қан сарысуындағы триглицеридтерді анықтау |
|
|
|
31. |
B03.517.003 |
Экспресс әдісімен несептегі адамның хориондық гонадотропинін (ХГА) анықтау (жүктілікке арналған тест) |
|
|
|
32. |
B03.860.003 |
Экспресс әдісімен АИТВ-1,2-ға және антиген р24-ке сомалық антиденелерді анықтау |
|
|
|
33. |
B03.861.003 |
Экспресс әдісімен қан сарысуындағы Treponema Pallidum антиденелерді анықтау (мерезге эксперсс тест) |
|
|
|
34. |
B03.862.003 |
Экспресс әдісімен қан сарысуындағы C вирустық гепатитінің вирусына жиынтық антиденелерді анықтау |
|
|
|
35. |
B03.863.003 |
Экспресс әдісімен қан сарысуындағы HBsAg анықтау |
|
|
|
36. |
B03.870.003 |
Экспресс әдісімен ұрықжанындағы судың болуына сүртіндіні зерттеу |
|
|
|
Ем-шаралар мен манипуляциялар |
|
|||
|
37. |
D99.293.012 |
Венадан қан алу |
|
|
|
38. |
D99.296.013 |
Саусақтан қан алу |
|
|
|
39. |
D91.496.105 |
Онкоцитологияға сүртінді алу |
|
|
|
40. |
D91.496.106 |
Қынаптың тазалық дәрежесіне сүртінді алу |
|
|
|
41. |
D91.293.012 |
Микробиологиялық зерттеуге материал алу |
|
|
|
42. |
D99.590.020 |
Манту сынамасын жүргізу |
|
|
|
43. |
D99.590.021 |
Диаскинтест жүргізу |
|
|
|
44. |
D96.330.014 |
Асқазанды шаю |
|
|
|
45. |
D96.390.015 |
Клизма |
|
|
|
46. |
A01.009.018 |
Ингаляция жүргізу |
|
|
|
47. |
A01.009.019 |
Тыныс алу жолдарын электр сорғымен санациялау |
|
|
|
48. |
A01.009.020 |
Күкірт тығындарын жуу |
|
|
|
49. |
A01.009.021 |
Мұрын қуыстарын санитариялық тазарту |
|
|
|
50. |
A01.009.022 |
Назогастральды зондты қою |
|
|
|
51. |
A01.009.023 |
Дуоденальды зондтау |
|
|
|
52. |
A01.009.024 |
Қуықтың катетеризациясы |
|
|
|
53. |
A01.009.025 |
Перифериялық көктамырларды катетеризациялау |
|
|
|
54. |
A01.009.026 |
Көлік иммобилизациясы |
|
|
|
55. |
A01.009.027 |
Қынаптың санациясы |
|
|
|
56. |
A01.009.028 |
Көзді жуу (дәрілік заттардың құнын есепке алмағанда) |
|
|
|
57. |
A01.009.029 |
Дабыл қуысын шаю |
|
|
|
58. |
A01.009.030 |
Дезо таңғышын салу |
|
|
|
59. |
A01.009.031 |
Субконъюнктивалық инъекция (дәрілік заттардың құнын есепке алмағанда) |
|
|
|
Мейіргер күтімін қажет ететін ем-шаралар мен манипуляциялар |
|
|||
|
60. |
D93.891.018 |
Үлкен жастағы пациентке мейіргер күтімін жасау рәсімдері |
|
|
|
61. |
D93.891.019 |
Пациентті отбасы мүшелерін күтім жасау элементтері мен гигиенаға үйрету |
|
|
|
62. |
D93.891.020 |
Төсекжараның профилактикасы және тазарту |
|
|
|
63. |
D93.571.415 |
Таңу |
|
|
|
64. |
D93.891.022 |
Ауыр пациентті қырындыру, тырнағына және шашына күтім жасау |
|
|
|
65. |
D93.891.023 |
Ауыр пациенттің ауыз қуысына күтім жасау |
|
|
|
66. |
D93.891.024 |
Ауыз-жұтқыншақтан сілемейді сору |
|
|
|
67. |
D93.891.025 |
Оростомалар, эзофагостомалар кезіндегі құрал |
|
|
|
68. |
D93.891.026 |
Трахеостома кезіндегі құрал |
|
|
|
69. |
D93.891.027 |
Назогастралдық сүңгіге, мұрын канюнялары мен катетерге күтім жасау |
|
|
|
70. |
D93.891.028 |
Жоғарғы тыныс алу жолдарынан сілемейді сору |
|
|
|
71. |
D93.891.029 |
Мұрыннан сілемейді сору |
|
|
|
72. |
D93.891.030 |
Фарингостома кезіндегі құрал |
|
|
|
73. |
D93.891.031 |
Интраназалдық дәрілік препараттарды енгізу |
|
|
|
74. |
D93.891.032 |
Гастростома кезіндегі құрал |
|
|
|
75. |
D93.891.033 |
Назогастралдық сүңгіге күтім жасау |
|
|
|
76. |
D93.891.034 |
Ауыр пациентті гастростом арқылы тамақтандыру |
|
|
|
77. |
D93.891.035 |
Илеостома кезіндегі құрал |
|
|
|
78. |
D93.891.036 |
Интестиналдық сүңгіге күтім жасау |
|
|
|
79. |
D93.891.037 |
Ауыр пациентті интестиналдық сүңгі арқылы тамақтандыру |
|
|
|
80. |
D93.891.038 |
Илеостомаға күтім жасауды үйрету |
|
|
|
81. |
D93.891.039 |
Тоқ ішектің стомалары кезінде құрал |
|
|
|
82. |
D93.891.040 |
Колостомаға күтім жасауды үйрету |
|
|
|
83. |
D93.891.041 |
Ауыр пациенттің дефекациясы кезіндегі құрал |
|
|
|
84. |
D93.891.043 |
Газ шығару түтігін қою |
|
|
|
85. |
D93.891.044 |
Копролитті алу |
|
|
|
86. |
D93.891.045 |
Нәжісті ұстамау кезіндегі құрал |
|
|
|
87. |
D93.891.046 |
Сифондық клизманы қою |
|
|
|
88. |
D93.891.047 |
Қынаптың (пессария)қолдау сақинасын қою, алып тастау |
|
|
|
89. |
D93.891.048 |
Сыртқы есту өтісіне күтім жасау |
|
|
|
90. |
D93.891.049 |
Ауыр пациенттің көздеріне күтім жасау |
|
|
|
91. |
D93.891.050 |
Конъюнктивалық қуысқа дәрілік заттарды инстилляциялау |
|
|
|
92. |
D93.891.051 |
Ауыр пациент несеп шығарған кездегі құрал |
|
|
|
93. |
D93.891.052 |
Несеп катетеріне күтім жасау |
|
|
|
94. |
D93.891.053 |
Цистостомаға және уростомаға күтім жасау |
|
|
|
95. |
D93.891.054 |
Несеп ұстамаған кездегі құрал |
|
|
|
96. |
D93.891.055 |
Ауыр пациенттің төсегін ауыстыру және/немесе жатқызу |
|
|
|
97. |
D93.891.056 |
Ауыр халдегі пациентті мекеменің ішінде тасымалдау |
|
|
|
98. |
D93.891.057 |
Ауыр халдегі пациентті ауыз арқылы және/немесе назогастралдық сүңгімен тамақтандыру |
|
|
|
99. |
D93.891.058 |
Ауыр халдегі пациенттің төсек-орнын дайындау және ауыстыру |
|
|
|
100. |
D93.891.059 |
Ауыр халдегі пациенттің ішкиімін және киімін ауыстыру бойынша құрал |
|
|
|
101. |
D93.891.060 |
Ауыр халдегі пациенттің бұтаралық және сыртқы жыныс мүшелеріне күтім жасау |
|
|
|
102. |
D93.891.061 |
Дренажға күтім жасау |
|
|
|
103. |
D93.891.062 |
Дәрілік препараттарды парентералдық енгізу кезіндегі құрал |
|
|
|
104. |
D93.891.063 |
Төсекжараның дамуына қауіп дәрежесін бағалау |
|
|
|
105. |
D93.891.064 |
Төсекжараның ауырлық дәрежесін бағалау |
|
|
|
106. |
D93.891.065 |
Ауырсу қарқындылығын бағалау |
|
|
|
107. |
D93.891.066 |
Пациенттің отбасы мүшелерін төсекке жатқызу және/немесе ауыстыру техникасына үйрету |
|
|
|
108. |
D93.891.067 |
Пациенттің төсекте және (немесе) креслода ауысуы кезінде өз-өзіне көмектесуіне үйрету |
|
|
|
109. |
D93.891.068 |
Пациентті балдақпен жүруге үйрету |
|
|
|
110. |
D93.891.069 |
Пациент қосымша тіректердің көмегімен жүруі кезінде өз-өзіне көмектесуіне үйрету |
|
|
|
111. |
D99.590.019 |
Препараттың бағасынсыз вакцинациялау |
|
|
|
112. |
D97.311.050 |
Тігістерді алу, лигатурларды алып тастау |
|
|
|
113. |
D04.001.000 |
Профилактикалық кабинеттерде, сауықтыру мектептерінде оқыту |
|
|
|
114. |
D04.002.000 |
Науқастар мен олардың отбасыларын созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес өзін-өзі бақылау, өзін-өзі және өзара көмек көрсетуге үйрету |
|
|
|
115. |
D04.003.000 |
"Қызу желі" телефоны бойынша консультация |
|
|
|
Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медицина қызметкерлері көрсететін ем-шара кабинеті қызметтердің тізбесі |
|
|||
|
116. |
D99.590.022 |
Бұлшықетішілік инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде) |
|
|
|
117. |
D99.590.023 |
Венаішілік инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде) |
|
|
|
118. |
D99.590.024 |
Теріасты инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде) |
|
|
|
|
Медициналық-санитариялық |
|||
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт және (немесе) учаскелік педиатр дәрігер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі
|
№ р/с |
Қызметтердің коды |
Қызметтердің атауы |
|
|
|
1. |
A01.001.000 |
Қабылдау: Терапевт |
|
|
|
2. |
A01.001.002 |
Пациентті сауықтыру жоспарын құру: Учаскелік терапевт |
|
|
|
3. |
A01.001.005 |
Отбасын жоспарлау және жүктілікті қауіпсіз үзу мәселелері бойынша консультация: Учаскелік терапевт |
|
|
|
4. |
A01.001.006 |
Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Учаскелік терапевт |
|
|
|
5. |
A01.001.007 |
Пациенттің отбасының әлеуметтік статусын бағалауы: Учаскелік терапевт |
|
|
|
6. |
A01.002.000 |
Қабылдау: Педиатр |
|
|
|
7. |
A01.002.002 |
Пациентті сауықтыру жоспарын құру: Учаскелік педиатр |
|
|
|
8. |
A01.002.007 |
Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде пациенттің отбасының әлеуметтік статусын бағалауы: Учаскелік педиатр |
|
|
|
9. |
A01.003.000 |
Қабылдау: Отбасылық дәрігер (Жалпы практика дәрігері) |
|
|
|
10. |
A01.003.002 |
Пациентті сауықтыру жоспарын құру: Жалпы практика дәрігері |
|
|
|
11. |
A01.003.005 |
Отбасын жоспарлау және жүктілікті қауіпсіз үзу мәселелері бойынша консультация: Жалпы практика дәрігері |
|
|
|
12. |
A01.003.006 |
Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Жалпы практика дәрігері |
|
|
|
13. |
A01.003.007 |
Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде пациенттің отбасының әлеуметтік статусын бағалауы: Жалпы практика дәрігері |
|
|
|
Зертханалық диагностика (мамандандырылған медициналық көмек) |
|
|||
|
14. |
B02.061.002 |
Қандағы эритроциттердің отыру жылдамдығын (ЭОЖ) қолмен өлшеу |
|
|
|
15. |
B03.864.003 |
Экспресс әдісімен қандағы гемоглобинді анықтау |
|
|
|
16. |
B03.865.003 |
Экспресс әдісімен қандағы лейкоциттерді анықтау |
|
|
|
17. |
B03.867.003 |
Экспресс әдісімен тропонинді анықтау |
|
|
|
18. |
B03.868.003 |
Экспресс әдісімен гликириленген гемоглобинді анықтау |
|
|
|
19. |
B03.869.003 |
Экспресс әдісімен протромбиндік уақытта портативтік талдауышта МНО-ны анықтау |
|
|
|
20. |
B06.672.012 |
АВО жүйесінде стандартты сарысулармен қан тобын анықтау |
|
|
|
21. |
B06.673.012 |
АВО жүйесі бойынша моноклоналдық реагенттермен стандартты сарысумен (цоликлондармен) қан тобын анықтау |
|
|
|
22. |
B06.677.012 |
Қандағы резус-факторды анықтау |
|
|
|
Функциялық және аспаптық диагностика |
|
|||
|
23. |
C02.001.000 |
Электрокардиографикалық зерттеу (12 жалғамдық) |
|
|
|
24. |
C02.033.000 |
Автоматтандырылған аппараттарда жазу кезіндегі спирография |
|
|
|
25. |
C02.048.000 |
Динамометрия |
|
|
|
26. |
C02.054.000 |
Пульсоксиметрия |
|
|
|
|
Медициналық-санитариялық |
|||
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымындағы әлеуметтік қызметкер мен психолог қызметтерінің тізбесі
|
№ р/с |
Қызметтердің коды |
Қызметтердің атауы |
|
|
|
Психологтың қызметтері |
|
|||
|
1. |
A01.005.000 |
Қабылдау: Психолог |
|
|
|
2. |
A01.005.001 |
Бала суицидінің профилактикасы бойынша сабақтар өткізу: Психолог |
|
|
|
3. |
A01.005.002 |
Мінез-құлық және психикалық белсенді бұзылуларға күдіктенген кезде қабылдау: Психолог |
|
|
|
4. |
A01.005.003 |
Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жастық бейімделу мәселелері бойынша консультация беру: Психолог |
|
|
|
5. |
A01.005.009 |
Созылмалы аурулармен ауыратын пациентті өзіндік менеджментке үйрету: Психолог |
|
|
|
Әлеуметтік қызметкердің қызметтері |
|
|||
|
6. |
A01.006.000 |
Қабылдау: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер |
|
|
|
7. |
A01.006.001 |
Медицаналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыру және өткізу: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер |
|
|
|
8. |
A01.006.002 |
Пациенттің отбасы мүшелерін үй жағдайында өткізілетін медициналық күтім жасау негіздеріне үйрету: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер |
|
|
|
9. |
A01.006.003 |
Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жастық бейімделеу бойынша консультация беру: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер |
|
|
|
10. |
A01.007.000 |
Қабылдау: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер |
|
|
|
11. |
A01.007.001 |
Медициналық-әлеуметтік зерттеп-ұйымдастыру және жүргізу: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер |
|
|
|
12. |
A01.007.002 |
Пациенттің отбасы мүшелерін үй жағдайында өткізілетін медициналық күтім жасау негіздеріне үйрету: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер |
|
|
|
13. |
A01.007.003 |
Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жастық бейімделеу бойынша консультация беру: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер |
|
|
|
|
Медициналық-санитариялық |
|||
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына жүгіну себептері
|
№ р/с |
Жүгіну себептерінің тобы |
Жүгіну себептерінің атауы |
|
|
|
1. |
Ауруы |
Шұғыл жай-күйлер |
|
|
|
Жіті аурулар (жай-күйі) және (немесе) созылмалы аурулардың асқынуы |
|
|||
|
Әлеуметтік мәні бар ауруға күдік |
|
|||
|
Актив |
|
|||
|
Медициналық оңалту (3 деңгей) |
|
|||
|
Шұғыл стоматологиялық көмек |
|
|||
|
Жоспарлы стоматологиялық көмек |
|
|||
|
Жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонтиялық көмек |
|
|||
|
Аз қамтылған отбасы балаларына ортодонтиялық көмек |
|
|||
|
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру кезіндегі қызметтер |
|
|||
|
2. |
Жарақат |
Жіті жарақат (травмпункт, амбулаториялық-емханалық ұйымдар) |
|
|
|
Жарақаттың салдары (амбулаториялық-емханалық ұйымдар) |
|
|||
|
Жарақаттың салдары (жастар денсаулық орталықтары) |
|
|||
|
3. |
Профилактика |
Коронавирустық инфекциясымен ауырған науқасты тексеру |
|
|
|
Профилактикалау мақсатындағы жүгіну (скринингтен басқа) |
|
|||
|
Иммунопрофилактика |
|
|||
|
Скрининг (профилактикалық медициналық қарап-тексерулер) |
|
|||
|
Патронаж |
|
|||
|
Отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, репродукивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша қызметтер |
|
|||
|
Антенатальді байқау кезінде қабылдау |
|
|||
|
Постнатальді байқау кезінде қабылдау |
|
|||
|
Білім алушылардың денсаулығын сақтау бойынша қызметтер (мектеп медицинасы) |
|
|||
|
Саламатты өмір салты бойынша іс-шаралар |
|
|||
|
Ақылы медициналық қарау |
|
|||
|
4. |
Динамикалық (диспансерлік) байқау |
Созылмалы аурулармен ауыратындарды динамикалық байқау (оның ішінде Ауруларды басқару бағдарламасы) |
|
|
|
Әлеуметтік мәні бар аурулармен динамикалық байқау |
|
|||
|
Бейінді мамандардың бақылауына жататын созылмалы аурулармен динамикалық байқау |
|
|||
|
5. |
Медициналық әлеуметтік қызметтер |
Медициналық әлеуметтік қолдау |
|
|
|
Психологиялық көмек |
|
|||
|
6. |
Әкімшілік |
Әкімшілік |
|
|
|
Медициналық әлеуметтік сараптамаға құжаттар ресімдеу |
|
|||
|
Рецепт жазу |
|
|||
|
7. |
Коронавирус инфекциясына зерттеп-қарау |
Коронавирустық инфекцияға күдікті |
|
|
|
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде коронавирус инфекциясына зерттеп-қарау (емдеуге жатқызуға дейінгі зерттеп-қарау), оның ішінде мерзімі 37 апта болған жүкті әйелдерді босандыруға, гемодиализдегі пациенттер |
|
|||
|
|
Медициналық-санитариялық |
|||
"Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымы (бұдан әрі – МСАК ұйымы) (тікелей немесе МСАК ұйымының телефоны бойынша өтініш берген кезде); |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
МСАК ұйымдарына өтініш берген кезде (тікелей немесе телефон бойынша): |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) МСАК ұйымына тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – шақыртуларды тіркеу журналында жазу және дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру; |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін); |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) МСАК ұйымына: тікелей жүгінген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1)мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Пациент ЭҮП тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе ЭҮП хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
Медициналық-санитариялық |
|||
"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) МСАК ұйымы (тікелей немесе пациенттің телефоны бойынша, сондай-ақ медициналық ақпараттық жүйелер арқылы өтініш берген кезде); |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
МСАК ұйымына өтініш берген кезде (тікелей немесе телефоны бойынша): |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті (сенімхат бойынша оның өкіліне) көрсету нәтижесі |
1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыртуларды тіркеу журналында жазу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру; 2) ЭҮП-ке электрондық форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін). Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін); |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) МСАК ұйымына: тікелей жүгінген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Пациент ЭҮП тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе ЭҮП хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
Медициналық-санитариялық |
|||
"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымы (бұдан әрі – МСАК ұйымы); |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап, сондай-ақ ЭҮП-ке жүгінген кезде – үйге шақыру кезінде, жұмыс күні ішінде, 30 (отыз) минуттан аспайды; |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) МСАК ұйымдарына тікелей жүгінген кезде, учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және МСАК ұйымының мөрімен расталған "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 027/е нысаны бойынша берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама; |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін). |
|
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) МСАК ұйымына: тікелей жүгінген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Пациент ЭҮП-та тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе ЭҮП хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК